Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23718 материал табылды

Президент • 13 Ақпан, 2020

Мемлекет басшысы Ерболат Досаевты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы қаңтар айындағы қаржы-кредит саясатының жүзеге асырылу барысы туралы баяндалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 13 Ақпан, 2020

Қазақстан мен Ресей шекарасындағы өткізу пунктері реконструкциядан өтеді

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті 2025 жылға дейін Қазақстан мен Ресей шекарасындағы 27 өткізу пунктін жаңартады деп жоспарлануда. Жобаны 5 кезеңде жүзеге асыру көзделген. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Қазақстан • 13 Ақпан, 2020

171 Қазақстан азаматы Қытайдан эвакуацияланды

Бүгін таңертеңгі сағат 7-де Алматыға Бейжіңнен 211 жолаушы бар рейс келді, оның ішінде 171-і қазақстандық және 40 жолаушы Қырғызстан азаматтары. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан • 13 Ақпан, 2020

Әл-Фарабидің 1150 жылдығы Ислам ынтымақтастық ұйымы аясында кеңінен атап өтілетін болды

Үстіміздегі жылғы 3-4 сәуірде Ниамей қаласында (Нигер Республикасы) «Бейбітшілік пен даму жолында бірлескен күш-жігермен терроризмге қарсы күрес» тақырыбында өтетін Ислам ынтымақтастығы ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің 47-ші сессиясына дайындық аясында қазақстандық делегация ү.ж. 4-11 ақпан аралығында ИЫҰ Бас хатшылығының Жидда қаласындағы штаб-пәтерінде ұйымдастырылған ИЫҰ Экономикалық, мәдени және әлеуметтік мәселелер жөніндегі ислам комиссиясының (IСECS) 43-ші сессиясына және Аға лауазымды тұлғалар (SOM) отырысына қатысты. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан • 13 Ақпан, 2020

Ақордада Абай мен әл-Фарабидің мерейтойларын өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиялардың отырысы өтті

Ақордада Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Абайдың 175 және Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына дайындық және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиялардың отырысы өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Руханият • 13 Ақпан, 2020

Алматыда Еркін Нұразханның «Шарайна» атты жеке көрмесі ашылды

Алматыда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық музейінде елімізге танымал карикатурашы-суретші, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстан Республикасының Суретшілер, Журналистер, Жазушылар одақтарының мүшесі Нұразхан Еркін Ибрагимұлының «Шарайна» атты жеке көрмесі ашылды.

Қазақстан • 13 Ақпан, 2020

Қазақстан - қақтығыс өңірлерінен өз азаматтарын елге қайтаруда әлемдегі көшбасшы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев ЕҚЫҰ Швейцария Үкіметімен, БҰҰ Терроризмге қарсы басқармасымен және Албанияның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығымен бірлесіп ұйымдастырған «Шетел террорист жауынгерлер (FTFs) - қазіргі заманғы сын-қатерлерді шешу» тақырыбындағы жоғары деңгейдегі өңірлік конференцияға қатысты. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Президент • 13 Ақпан, 2020

Мемлекет басшысы Мюнхен қаласына жұмыс сапарымен барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 14-16 ақпан аралығында Қауіпсіздік жөніндегі 56-шы Мюнхен конференциясына қатысу үшін Мюнхен қаласына (Германия) жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Берік Уәли Facebook парақшасында жариялады.

Қазақстан • 13 Ақпан, 2020

Қазақстан мен Израиль ынтымақтастығы ілгерілейді

Экономикалық саладағы қазақстан-израиль ынтымақтастығын кеңейту мақсатында Қазақстанның Израильдегі Елшісі Сатыбалды Бұршақов жергілікті ірі компаниялардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 13 Ақпан, 2020

Нұр-Сұлтанда бүгін қар тазалау жұмыстарына 1 570 жұмысшы жұмылдырылды

13 ақпанда елорда көшелерін қардан тазарту жұмыстарына 1 432 техника бірлігі мен 1 570 жол жұмысшысы тартылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.