
Қазақстан • 04 Қараша, 2019
Жолаушылар пойыздарында өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша тексерулер күшейтіледі
Пәкістанның солтүстік-шығысында Пенджаб провинциясында болған қайғылы оқиғаны ескере отырып, ИИДМ Көлік комитеті Көліктік бақылау инспекцияларына Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің құрылымдық бөлімшелерімен және «Қазақстан темір жолы «ҰК» АҚ-мен бірлесіп республика аумағы бойынша жүретін барлық жолаушылар пойыздарында өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына жол бермеу мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізуді әрі күшейтуді тапсырды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 04 Қараша, 2019
Қысқа дайындық жұмыстары жалғасуда
«Қазақавтодор» ЖШС республикалық маңызы бар жолдарды 2019-2020 жылғы қысқы кезеңге дайындау аясында көліктің қауіпсіз және кедергісіз қозғалуына ықпал ететін қажетті жұмыстарды жүргізуде. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Руханият • 04 Қараша, 2019
«Алтын адам» Афинадағы көрмеге қойылады
Ұлттық музей 2019 жылғы 11 қараша күні жергілікті уақыт бойынша сағат 17.00-де Грекия Мемлекетінің Афина қаласындағы Эпиграфиялық музейінде «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашады. Көрме «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында 2019 жылғы 11 қарашадан 11 желтоқсанға дейін жалғасады. Бұл туралы Ұлттық музейдің баспасөз қызметі хабарлады.
Руханият • 04 Қараша, 2019
Ақтөбеде «Ел үміті» жастар марафоны өтті
Ақтөбеде талантты, еңбекқор балалар мен жастарды қолдауға жөніндегі Тұңғыш Президент ‒ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы аясында «Ел үміті» марафоны өтті. Шараға Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев, Тұңғыш Президент – Елбасы Қорының атқарушы директоры Әсет Исекешев, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин арнайы қатысты. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Парламент • 04 Қараша, 2019
Нұрлан Нығматулин Ереванда ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының шараларына қатысады
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин 4-5 қарашада Ереванда өтетін ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының көшпелі шараларына қатысады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 04 Қараша, 2019
Қазақстан NEET жастар үлесін 2021 жылы 6 пайызға төмендетпек
Қазақстан NEET жастар үлесін 2021 жылы 6 пайызға төмендетпек. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан • 04 Қараша, 2019
Елордада өткен STEM олимпиадасының жүлдегерлері анықталды
Нұр-Сұлтанда тұңғыш республикалық STEM олимпиадасының қорытындысы шығарылды. Барлығы 4 номинация бойынша 36 жеңімпаз команда анықталды. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 04 Қараша, 2019
Дәурен Абаев жастардың мемлекеттік қолдау іс-шараларын атады
Қазақстанда жастар саясатын қаржыландыру көлемі алғаш рет ЖІӨ-нің 0,5 пайызына жетті. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты деп хабарлады ҚазАқпарат.
Қоғам • 04 Қараша, 2019
«Алтын күз» – ұрпақ тәрбиесі үшін маңызды мереке
Қазіргі таңда еліміздің барлық аймақтарында «Алтын күз» тақырыбында түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылуда. Баршамызға белгілі, күз маусымында Жер ананың адам баласына ұсынар мол ырыс-несібесі диқандардың таңның атысы, күннің батысы тынбай еңбек етуінің арқасында қамбаға құйылады. Сондықтан да астық пісіп, оны шашпай-төкпей жинап алу ісі дәл осы күз айларында жүзеге асырылатындықтан, осы маусымға халқымыз «Алтын күз» деп айдар таққан.
Қазақстан • 04 Қараша, 2019
Белгілі журналист Мағауия Сембай дүниеден озды
«Егеменнің» ардагері, «Орталық Қазақстан» басылымын ұзақ жыл басқарған қарымды қаламгер Мағауия Сембай дүниеден өтті.