Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
3566 материал табылды

Зерде • 07 Қыркүйек, 2024

Естен кетпес есен күндер

«Сенім» сөзінің түбірі – «сен». «Сен» болғанда, етістік нұсқа­сында емес, кәдімгі есімдік. «Менің СЕН+ім» деген тәуел­дік мағынасындағы тіркес. Бұл жаңылтпашқа қалай қарайсыз, аға?». Әдетте екеуіміздің әңгімеміз тұтқиылдан осылай оңай басталып кете беретін.

Тұлға • 07 Қыркүйек, 2024

Ғылымның алтын жебелі сардары

Әлкей Хақанұлы Марғұлан – сан-салалы ғылымның тарауын жүйрік білетін, араб-парсы, түрік тілдеріне жетік, латынша, ағылшынша, немісше, французша танитын, екі тілде еркін көсілетін, әр құбылысты егжей-тегжейлі ұшан-теңіз мысал-деректермен тексеретін білімі телегей-теңіз айтулы оқымысты. Жастайынан туған халқымыздың таңғажайып тамаша көркем мұра­лары­нан нәр алып, Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Науаи сынды Шығыстың ой­шыл алыптарының туындыларын түп­нұсқадан оқыған көкірегі нұрлы жан.

Тағзым • 07 Қыркүйек, 2024

Ахмет Бірімжанның зираты

Көзі ашық қазаққа Алаш қайраткері Ахмет Бірімжанды таныстырып жату артық.

Пікір • 07 Қыркүйек, 2024

Әділдік пен заң үстемдігі

Мемлекет басшысы Парламент Палаталарының отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Еліміздің алдағы кезеңдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына бағытталған Жолдауда алдағы жылдарға арналған дамудың 9 негізгі стратегиялық бағыты белгіленіп, нақты тапсырмалар беріліп, жаңа міндеттер қойылды.

Тәрбие • 07 Қыркүйек, 2024

Жасампаз ұлттың ұпайы түгел

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп ата-бабамыз тегін айтпаған. Қай елде болсын, қай заманда болсын ел болашағы жастардың қолында екені анық.

Пікір • 07 Қыркүйек, 2024

Тұрақтылықты қамтамасыз етеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында атом энергия­сын дамыту маңызына тоқталып, атом электр стансасын салу шешімін бұқара халықтың талқысына ұсынатынын мәлім етті. Бұл әрине, әділетті шешім. Сала маманы және жетекшінің бірі ретінде АЭС-тің басқа энергия көздерінен (cу, көмір, газ, жел, күн) артықшылығына аз-кем тоқталғым келді.

Пікір • 07 Қыркүйек, 2024

Тапшылықты еңсерудің басты амалы

Мемлекет басшысының халыққа Жолдауындағы атом электр стансасын салуға қатысты пікірі бәрімізді бейжай қалдырған жоқ. Осы мәселе туралы қоғамда алуан түрлі ой бар, дегенмен халықтың дені жағдайды жақсы біліп, бейбіт атомды ел игілігіне пайдалануға қарсы емес. Мұны қоғамның бел ортасында жүрген соң айтып отырмыз.

Тұлға • 06 Қыркүйек, 2024

Алаш сарбазы – алғашқы геолог-мұнайшы

«Әділет» тарихи-ағарту қоғамының байырғы мүшесі, Қаныш Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтының бас ғылыми қызметкері, геология-минералогия ғылымдарының докторы Нәзір Абдулқадырұлы Әзірбаев қоғам ісіне отыз бес жыл бойы белсене атсалысып келеді. Ол қуғын-сүргінге ұшыраған алғашқы қазақ инженерлерінің, мұнайшы геологтардың есімдерін жаңғыртуда үлкен шаруа атқарды.

ЖОЛДАУ • 06 Қыркүйек, 2024

NU – инновация көшбасшысы: Президент Жолдауы орындалып жатыр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы сәуір айын­да өткен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңесте «Ғылым мықты болса, мемлекет те қуатты болады. Ғылымсыз ел құрдымға кетеді. Ал ғылымы озық ел кез келген дағдарысты еңсере алады. Ғылым өркендесе, экономика да өркендейді. Яғни халықтың әл-ауқаты артады», деп айтқан еді. Бұл Nazarbayev University-дің де ұстанымын білдіреді. Біздің университет – бүгінде еліміздегі жетекші оқу орындарының біріне айналып қана қоймай, енді сапалы біліммен қатар, ғылыми зерттеу жұмыстары бойынша да жоғары стандарттарға қол жеткізуді діттеп отыр.

ЖОЛДАУ • 06 Қыркүйек, 2024

Жауынгер үшін жауаптымыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында еліміздің даму бағыттары айқындала түсті.