Медицина • 30 Сәуір, 2020
Елімізде төтенше жағдайға байланысты шаралар дер кезінде қолға алынды. Қытайда оқып жатқан және сол елге сапарлап барған азаматтарымызды ауру жұқтырмастан бұрын тегіс елге әкелгені індеттің алдын алудың өте бір мықты қадамы болды деп есептеймін. Оны басқа елдер жасады ма, жасамады ма білмеймін, ал біздің азаматтардың індет өршіп тұрған жерден Отанына қайтуы нағыз халыққа жасалған қамқорлық болғаны анық.
Саясат • 30 Сәуір, 2020
Өнерде де маңызды өзгерістер болуы мүмкін
Мемлекеттік қысқа және ұзақ мерзімді стратегиялық жоспар жасап, оны кезең-кезеңмен жүзеге асырып отыру – өркениетті, заманауи елдердің үлесі. Тәуелсіздігімізге отыз жылға таяу уақыт ішінде қаншалықты күрделі жағдайларды бастан өткерсе осы қағиданы ұстанып, дамып келе жатқан еліміздің мемлекеттік сындарлы стратегиясының нәтижелері бүгінгідей сын сәтте де айқын көрінуде.
Қоғам • 30 Сәуір, 2020
330 мың отбасына көмек көрсетілді
Елбасының бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоры 330 мың мұқтаж отбасына 50 мың теңгеден біржолғы қаржылай көмек аударды. Бірер күнде тағы да 30 мыңнан астам отбасы қамтылатын болады. Бұл туралы қордың Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Бауыржан Байбек Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
Бағдарламалар • 30 Сәуір, 2020
Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі Мемлекет басшысының 2020 жылғы БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттарын, сондай-ақ Алғысын алуға үміткерлерден ұсынымдар қабылдау басталғанын хабарлайды.
Руханият • 30 Сәуір, 2020
Кітапхана – көркем ойымыздың кепілі
Әлемдік өркениетте кітапхананың алатын орнын ешкім де жоққа шығара алмайды. Осы орайда еліміздің еңселі қара шаңырағының бірі Ұлттық академиялық кітапхананың бүгіні мен болашағы турасында айта кеткіміз келеді.
Экономика • 30 Сәуір, 2020
Агросектордың әлеуетін күшейтеді
Елімізді азық-түлікпен қамтамасыз етудің бірден-бір бағыты – шаруа қожалықтарының жұмысын өрістету, агротауар өндірісін дамыту екені белгілі. Бұл қазіргі күрделі кезеңнен сүрінбей өтудің басты міндеттерінің бірі деуге болады. Сондықтан саладағы бизнес өкілдерінің алаңсыз жұмыс істеуі Үкімет назарында болуға тиіс.
Таным • 30 Сәуір, 2020
Белгілі қоғам қайраткері, сенатор Сәрсенбай Еңсегенов әлеуметтік желідегі парақшасында Атырау облысының Құрманғазы ауданында өсетін өсімдіктер жөнінде хабардар етіп, өткен тарихымызды таразылауға, ішкі туризмді дамытуға жол ашып келеді. Ел есінде ұмыт қалған осынау өсімдіктердің шығу тарихына шолу жасап көрейін.
Руханият • 30 Сәуір, 2020
Жұмыла көтерген жүк қашанда жеңіл
Әлемді әлекке салған індетке байланысты Қазақстан аумағында карантин режімінің жарияланғанына да бір жарым ай уақыт болыпты. Осы мерзім еліміз үшін аса бір жауапты әрі сынақ кезеңі болғаны ақиқат. Карантин режімінде отыру ел-жұртқа оңай тимеді, ал оның басқа да қосымша зардаптары ұшан-теңіз болғаны анық.
Руханият • 30 Сәуір, 2020
Екінші дүниежүзілік соғыстан миллиондаған жауынгер Отан қорғауда жанын қиып, елге оралмады. Солардың бірі – менің әкем Әшу Төлепұлы Ақышев.
Саясат • 30 Сәуір, 2020
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Қазақстан халқына жасаған мәлімдемесінде төтенше жағдай режімін 11 мамырға дейін ұзартуға шешім қабылданғанын жариялады, себебі елімізде COVID-19 індетінің қаупі әлі сейіліп біткен жоқ. Біз осы жағдайға байланысты Президенттің шешімін қолдаймыз. Бұл алдыңғы дер кезінде қабылдаған шараларды толықтыратынын атап кеткім келеді.