
Экономика • 15 Сәуір, 2020
Ет экспортына квота алу үшін өтінімдерді қабылдау басталады
2020 жылдың 1 мамырынан 1 маусымға (қоса алғанда) дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 30 «Қазақстан Республикасына еттің кейбір түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталардың көлемдерін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес қайта өңдеушілерге 2020 жылға сиыр етін әкелуге (9 240 тонна) бөлінген тарифтік квота көлемін бөлуге қатысу үшін өтінімдер қабылдаудың басталғанын жариялайды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Коронавирус • 15 Сәуір, 2020
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 15 адам тіркелді
Қазақстандағы 2020 жылғы 15 сəуір сағат 17:25-тегі эпидемиологиялық ахуал бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 15 адам тіркелді, оның ішінде Нұр-Сұлтан қ. – 3, Алматы қ. – 10, Алматы облысы – 1, Қызылорда облысы – 1.
Үкімет • 15 Сәуір, 2020
20 сәуірден бастап қай кәсіпорындар қызметін жалғастырады?
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен Президент жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 15 Сәуір, 2020
Өткен тәулікте 170-ке жуық елордалық азамат карантин режимін бұзған
Құқық қорғау органдары қала аумағында коронавирус жұқпасының таралуына жол бермеу, азаматтардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Аймақтар • 15 Сәуір, 2020
«Астана Энергия» мен «Абу-Даби Плаза» қызметкері вирус жұқтырған
«Астана-Энергия» АҚ ғимаратында және аумағында әскери бөлімдермен бірлесіп дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді.
Аймақтар • 15 Сәуір, 2020
Елордада 16 нысан карантинге жабылды
16 нысан карантинге жабылды. Олардың ішінде үш медициналық ұйым, екі жатақхана, 10 кіреберіс және жеке компания. Аталған аумақтар қоршалды, келуге қатаң тыйым салынады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Қазақстан • 15 Сәуір, 2020
Қазақстанның теңіз порттары арқылы 1.6 млн тонна жүк тасымалданды
Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы 1,6 млн. тоннадан астам жүк тасымалданды. Осы кезеңде Құрық портында шамамен 1700 жүк көлігі ауыстырып тиелді, бұл 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 31% артық. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 15 Сәуір, 2020
Атырау: Қала маңында қамыс жанды
Бүгін Атырау қаласының маңындағы өнеркәсіптік аймақтан бірнеше ондаған метр қашықта қамыс өртенді.
Қазақстан • 15 Сәуір, 2020
Қазақстанда тағы 13 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Қазақстанда тағы 13 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Нұр-Сұлтан қ. – 8, Ақмола облысында – 4, Алматы облысында – 1 адам емделіп, сауығып шықты.
Парламент • 15 Сәуір, 2020
Н. Нығматулин бизнес-ахуалды жақсартуға бағытталған заң жобасының нормаларына қатысты пікір білдірді
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ахуалды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының жекелеген нормаларына қатысты пікір білдірді.