Қоғам • 30 Сәуір, 2020

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы санитарлық талаптарды күшейтті

434 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы төтенше жағдай режимінде санитарлық талаптарды күшейткенін мәлімдеді. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы санитарлық талаптарды күшейтті

Нұр-Сұлтан-Алматы рейстерінің қайта жаңартылуына байланысты халықаралық әуежайдың Т2 терминалына кіру вокзал маңы алаңынан жүргізіледі. Ішке кіру тек СОVID-19 ПТР тестінің теріс нәтижесі бар анықтама болған жағдайда (берілген сәттен бастап 7 күнге жарамды) ғана жолаушыларға рұқсат етіледі.

Шығарып салушыларға терминалдың ішінде болуына тыйым салынады. Анықтама мен дене қызуын өлшеу терминалға кірер кезде жүргізіледі. Терминалда жолаушылар маскамен және қолғаппен жүруі тиіс. Терминал аумағында қолды дезинфекциялауға арналған құрылғылар бар. Тіркеуге және тексеруге кезекке тұрған кезде ара қашықтық 1,5 метрден кем болмауы тиіс. Ұшаққа балаларын шығарып салатын ата-аналардың да COVID-19 тестілеу туралы анықтамасы болуы керек, егер ол жоқ болса, әуе компаниясының өкілі баланы кіре берісте қарсы алып, тіркеуге апарады.

Тестілеу туралы анықтама мүмкіндігі шектеулі адамдарды ертіп жүретін тұлғаларда да болуы керек, егер болмаса терминалдың кіреберісіндегі арнайы батырманың көмегімен санитарды шақыру қажет. Рейске онлайн тіркелу керек.

 

Соңғы жаңалықтар

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Кеше

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Кеше

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Кеше

Заманауи киіз үй

Өнер • Кеше

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • 25 Шілде, 2025