Тәжікстан Республикасының тарихи-мәдени мұраларды қорғау агенттігінің мәліметінше, табылған Андичароғ елді мекені көне Хуттал аймағының бір бөлігі болып саналады. Бұл ортағасырлық княздік біздің заманымыздың VII-XVI ғасырларында қазіргі Тәжікстан аумағында гүлденген.
– Елді мекеннің орталық алаңы шамамен 14 гектарды қамтиды. Қазба жұмыстары кезінде 100-ден астам археологиялық артефакт табылды. Олардың қатарында көне тиындар, керамика, ағаш ою және ұсталық бұйымдар бар. Сондай-ақ бұл аумақта егіншілік іздері — қол және су диірмендері анықталды, – деді агенттік директоры Шерали Ходжазода.