
Таным • 10 Қыркүйек, 2024
Әр мектептің оқушыларға жақын мұғалімдері болады. Мүмкін олардың бұл қасиетін тағдыр қалыптайды. Ұстаздар көбінесе сабақтан тыс кезде, әсіресе мақтатерімде немесе ұжымшар жұмысына көмекке шыққанда ашыла сөйлесетін.
Тағзым • 09 Қыркүйек, 2024
Күнделікті күйбең тіршіліктің жетегінде жүріп аңғармаймыз, бірімізге асыл іні, бірімізге таудай аға бола білген Талғат Батырханұлы Пошимовтің бұл өмірден өткеніне де бір жыл толыпты.
Тұлға • 09 Қыркүйек, 2024
Заңғар жазушы Мұхтар Әуезов адамдарды екі топқа бөлген екен. Оның бірі – төңірегіне түн-түнек орнатып, кең дүниені тарылтып, адамдардың мазасын алып жүрсе, екіншісі – төңірегіне нұр шашып, айналасындағыларды қанаттандырып, өзімен тең санап, ақылдасып жүрер кенендер тобы көрінеді.
Аңдатпа • 07 Қыркүйек, 2024
12 қыркүйек - «Астана опера» сахнасында «Бәріне ортақ жауһарлар» камералық музыка кеші өтеді.
Тұлға • 07 Қыркүйек, 2024
Тау тұлғалы талант Әбіш Кекілбайұлы «Ұйқыдағы арудың оянуы» шығармасында мұнайлы Маңғыстаудағы Жаңаөзенді «...Теңізден алыста, жан-жағын тақырлар мен алапат қазан шұңқырлар қоршаған мидай жазықта жергілікті ұлутастан салынған қырмызыдай құлпырған қызғылт қала тұр. Бұл – Жаңа Өзен қаласы. Мұнайшылардың, барлаушылардың, газ өңдеушілердің астанасы» деп сипаттаған екен. Бүгінде 150 мыңдай халқы бар осы қаланың дүниеге келуіне негіз болған, елімізде «қара алтынды» өндірумен айналысатын 12 мыңнан аса мұнайшы еңбек ететін қала құрушы компаниялардың бірі «Өзенмұнайгаздың» құрылғанына биыл – тура 60 жыл.
Зерде • 07 Қыркүйек, 2024
«Сенім» сөзінің түбірі – «сен». «Сен» болғанда, етістік нұсқасында емес, кәдімгі есімдік. «Менің СЕН+ім» деген тәуелдік мағынасындағы тіркес. Бұл жаңылтпашқа қалай қарайсыз, аға?». Әдетте екеуіміздің әңгімеміз тұтқиылдан осылай оңай басталып кете беретін.
Тұлға • 07 Қыркүйек, 2024
Әлкей Хақанұлы Марғұлан – сан-салалы ғылымның тарауын жүйрік білетін, араб-парсы, түрік тілдеріне жетік, латынша, ағылшынша, немісше, французша танитын, екі тілде еркін көсілетін, әр құбылысты егжей-тегжейлі ұшан-теңіз мысал-деректермен тексеретін білімі телегей-теңіз айтулы оқымысты. Жастайынан туған халқымыздың таңғажайып тамаша көркем мұраларынан нәр алып, Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Науаи сынды Шығыстың ойшыл алыптарының туындыларын түпнұсқадан оқыған көкірегі нұрлы жан.
Тағзым • 07 Қыркүйек, 2024
Көзі ашық қазаққа Алаш қайраткері Ахмет Бірімжанды таныстырып жату артық.
Пікір • 07 Қыркүйек, 2024
Мемлекет басшысы Парламент Палаталарының отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Еліміздің алдағы кезеңдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына бағытталған Жолдауда алдағы жылдарға арналған дамудың 9 негізгі стратегиялық бағыты белгіленіп, нақты тапсырмалар беріліп, жаңа міндеттер қойылды.
Тәрбие • 07 Қыркүйек, 2024
«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп ата-бабамыз тегін айтпаған. Қай елде болсын, қай заманда болсын ел болашағы жастардың қолында екені анық.