Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
3560 материал табылды

Аймақтар • 14 Қаңтар, 2025

Ұлытау тұрғындарымен экология мәселесін талқылады

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов пен бір топ депутат Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында Жезқазған және Сәтбаев қалаларының тұрғындарымен кездесті.

Саясат • 14 Қаңтар, 2025

Қазақстан – Қытай белсенді диалогті нығайтуға бейіл

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев және палатаның бір топ депутаты Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барды. Сапар аясында Қытайдың Халықтық саяси консультативті кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің төрағасы Ван Хунинмен және Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен кездесулер өтті. Онда парламентаралық ынтымақтастықты нығайту келешегі және алдағы кезеңге арналған бірлескен жобаларды іске асыру міндеттері талқыланды.

Тарих • 14 Қаңтар, 2025

«Қолымды далада жоғалтып алдым» немесе құжаттары құпия деп танылған 106-кавалерия дивизиясы хақында

Ауылда мектепте оқып жүрген кезім. Көктемгі демалыста Көкше­тау облысына (қазіргі Солтүстік Қазақстан) қарасты Сырым­бет селосынан Дәу­қара ауылына келдім. Бақ­тар күлімдеп көз тартып, ағаштар жамырап, құстар ұя салып, әнде­тіп тұрған күндер еді. Бір күні Құрманғали аға­тайым мені шақырып алып: «Балам, өзіңмен сөйлесетін әңгімем бар» деді.

Тағзым • 14 Қаңтар, 2025

Соңғы кездесу

Мекемтас Мырзахметұлы абайтанушы ғалым ғана емес, өмір­де де ұстанымы берік, пайымы терең парасат иесі, ойшыл, қай­­рат­кер еді. Шаршауды, қажуды біл­мей­тін нағыз ғы­лым­­ның адамы. Жасы 90-нан асқанда абай­тану­дағы ең күрделі та­қы­рып – «Абай­дың толық адам ілімі» атты зерт­теу еңбегін жаз­ды. Абай ілімін жан-жақты қарастырған осы зерттеуі – автор­дың «Мұх­тар Әуезов және абайтану пробле­ма­лары» атты док­торлық дис­сер­та­ция­сынан кейінгі ең күр­делі жұмыс. Абыз жас­тағы тұлғаның мұндай күрделі тақы­рып­қа баруы айтуға ғана оңай.

Тағзым • 14 Қаңтар, 2025

Қош, абайтанудың ұшар биігі!

Дүниенің білімін білген, оны өзі мен өзгелердің, елдің, адам­­­зат­тың игілігіне пай­да­­лан­ған ғұлама жан күн іспет­ті, жарығы мен жы­луы­ның ра­қатын көпке сый­лай­ды. Бойына осындай қасиет да­ры­ған жанға халық айрық­ша құрметпен қараған, ісі­нің игілігіне сүйінген, одан жа­қ­­сы­лық тапқан, білімінің те­рең­­­дігіне таңданған, содан ғиб­­рат алған. Мұндай ғұ­лама жанды, дегдар ұстаз­ды іздеп табу оңай емес, көз­деп көру қиын. Тек қана ға­йып­тан дидарласуымыз мүм­кін. Біз ақтық сапарға шы­ға­рып салған Мекемтас Мыр­зах­мет­ұлы осындай ғұлама жан, дег­дар ұстаз, абзал кісі еді.

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Қазіргі таңда жасанды интеллект өзекті тақырыптардың бірі болып отыр. Мысалы, Америкада осы сала қарқынды дамып келеді. Оның нәтижелері өндіріс саласына енгізіліп жатыр. Барлық ел жасанды интеллектіні өнеркәсіптің әртүрлі саласында қолдануға бет бұрды. Мәселен, Жапония медицина саласында құралдарына ЖИ енгізіп, оларды автоматтандыруға көшкен.

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ana tili» газетіне берген сұхбатында елдіктің сара жолына, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына қатысты бастамалар жан-жақты қамтылды. Әсіресе қоғамда заң мен тәртіп қағидасын іске асырудың мән-маңызы сарапталды.

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

«Ana tili» басылымында жарық көрген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбатын мұқият оқып шықтым. Мұндағы жұртшылық­ты толғандырып жүрген көптеген проблеманың ортаға салынып, экономикалық, әлеуметтік маңызды жайттар мен әлі де шешімін табуға тиіс өткір мәселелердің қозғалуы көкейіміздегі көп сауалдың нақты жауабы сынды әсер қалдырды.

Пікір • 10 Қаңтар, 2025

ІТ жобалар – өркендеу кілті

Президенттің жасанды интеллект пен цифрландыру тура­лы айтқан ойлары – еліміздің технологиялық болашағын айқындайтын стратегиялық тұжырым. Жаһандық деңгейде ІТ саласының қарқынды дамуын ескере отырып, еліміз осы бағытта белсенді әрекет етіп, нақты нәтижелерге қол жеткізе алады.

Пікір • 10 Қаңтар, 2025

Сын сағатта сынып кетпедік

Біз – қашанда басалқы ойға тоқтаған, бәтуалы сөзге жүгінген халықпыз. Қазақ: «Бетеге кетсе – бел қалар, бектер кетсе – ел қалар, берекең кетсе – нең қалар?» деп, өмір тағылымына иек артады. Берекесіздік – барлық кесапаттың бастауы. Сондықтан да халық болып сенім білдірген басшыға қолдау көрсету берекесіздікке жол бермейді деп сенеміз.