Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
3560 материал табылды

Ұстаз • 21 Қаңтар, 2025

Мұғалім мерейі

Тіл – халықтың асыл қазынасы. Бір жағынан, оны адамдарды бір-бірімен жақындастыратын байланыс құралы, достық дәнекері деп айтамыз.

Білім • 21 Қаңтар, 2025

PhD: диссертациялар неге дер кезінде қорғалмай жатыр?

Еліміз 2011 жылдан бері түрлі саладан философия докторларын (PhD) даярлауды бастап, дәстүрлі ғылым кандидаты, ғылым докторы деген ғы­лыми дәре­­­же­лер беру тоқтатылды. Содан бері үкі­мет­тен қо­мақ­ты қаржы бөлініп, PhD дәрежесін алуға грант көптеп бөліне бастады. Бұл жастарды ғылым­мен айна­лы­­суға ынталандырумен қатар, елдің ғылы­ми әлеуе­тін көтеретіні сөзсіз. Алайда қазір оқуын тәмам­даған док­­торанттардың көпшілігі уақытында қорғай ал­май жүргені үлкен мәселе болып тұр. Оның басты себе­бі – ғылыми мақалаларының болмауы.

Университет • 21 Қаңтар, 2025

Жасампаздық жолымен

Мемлекеттің мерейі тасып, беделі биікте тұруы үшін экономикамыздың еңселі болуы жеткіліксіз. Қарыштап қадам басып бара жатқан қазіргі жаһандану жағдайында ұлтымыздың ұпайын түгендейтін түрлі сала бар. Спорт, мәде­ниет, денсаулық сақтау салаларымен сабақтасып, сал­мақты тұлға, саналы ұрпақ тәрбиелеуде сапалы білімнің орны айрықша.

Руханият • 21 Қаңтар, 2025

Сөздік түзген санаткер

Тіл білімінің тарландары – академиктер Әбдуәли Қайдар, Рабиға Сыздық, Шора Сарыбай, Өмірзақ Айтбайұлы қазақ тіл білі­мінің дамуына, оның түркі әлеміне танылуына қомақты үлес қос­қанын көзі қарақты көпшілік жақсы біледі. Міне, осынау үлкен тұлға­лар­мен іліктес көрнекті тілші-ғалымның бірі – Мемлекеттік сый­лық­тың лауреаты, филология ғылымдарының докторы, профессор Байынқол Қалиұлы.

Тағзым • 18 Қаңтар, 2025

Мұхтар шыңы

Бірінші сыныпта мені оқытқан апай орын ауыстырып, енді басқа ауылдан ақшыл сары өңді, жұқа сары шашты, бетінің аздап секпілі бар, жұмсақ мінезді Мұқан аға Мағауин мұғалім болып келген. Бір айдай бізді қырман басына қатынап жүріп оқытқан. Жаймашуақ бір ашық күні сынып бөлмесіне келсем, менің партамның екінші бөлігінде кең маңдайлы, үлкен көзді, ақсары бала отыр екен. Мұғаліміміз: «Блөкжан, сенің қасыңа Мұхтарды отырғыздым, енді қатар оқисыңдар» деді. Әлі есімде, бұл 1948 жылдың қазан айының 8-күні болатын. Осы күн өмірімде шешуші бұрылыс жасады, біз бірге оқыдық, жарыса өмір шыңдарына өрледік.

Руханият • 18 Қаңтар, 2025

Биіктік

Қазақ университетінің журналистика факультетіне 1969 жылы оқуға түскен біздің курс студенттері өте талантты болды. Оны осы университетте өткен бес жыл ішінде олардың бойынан байқалған екі ерекшелік анық айғақтайды деп ойлаймын. Мұның біріншісі, курстастарымыздың қай-қайсысының да аудиторияда лекция тыңдап, кітапханада семинарға дайындаудан басқа бір ізгі істері бар-тын. Ол Алматыдағы газет-журнал редакциялары мен телерадио студияларына жиі барып, сондағы шығармашылық ортамен байланыс орнатуға деген құштарлығы еді. Осының нәтижесінде алғашқы оқу жылдарының өзінде-ақ көбіміздің әңгіме, өлең, очерктеріміз «Жалын» альманағы мен «Қазақ әдебиеті», «Лениншіл жас», «Білім және еңбек» беттерінде басылып, Қазақ радиосының «Шалқар», «Ұшқын» бағдарламалары арқылы эфирге таралып жатты. Ал үшінші-төртінші курстарда... Жоғарыдағыдай творчестволық белсенділіктің нәтижесі шығар, сірә, студент біздердің әдеби-публицистикалық шығармаларымыз түрлі ұжымдық жинақтарға еніп, тіпті жеке кітап та болып шыға бастады.

Пікір • 18 Қаңтар, 2025

Қоғамды ойландыратын ашық-жарқын әңгіме

Мемлекет басшысының «Ana tili» газетіне берген сұхбатының көлемі де, мазмұны да ауқымды. Әдетте, айқара бет көлеміндегі әңгімеге көзіміз үйренген. Әрине, мәселе – көлемде емес, сұхбаттың ой-өзегінің салмағында. Ең алдымен, бұл – қоғамға арналып айтылған сөз.

Басылым • 18 Қаңтар, 2025

«Казахстанская правда»: үлкен жолдың бел-белестері

«Казахстанская правда» газетінің жарыққа шыққанына – 105 жыл. Осы мерейлі датаға орай елордадағы Достық үйінде «Үлкен жолдың кезеңдері» атты ғылыми-практикалық конферен­ция өтті. Оған ел қайраткерлерінен бастап жалпы зиялы қауым, мемлекеттік қызметкерлер, барша сала мамандары қатысып, басылым туралы ойларын ортаға салды.

Пікір • 17 Қаңтар, 2025

Ел тағдырына бәріміз жауаптымыз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әр жылдың қорытындысын саралап, талдап, алдағы міндеттерді айқындайтын жақсы үрдісті қалыптастырғаны халық көңілінен шығып отыр. Бүгінгі толассыз ақпараттар ағынында Мемлекет басшысының «Ana tili» газетіндегі сұхбаты елді де, әлемді де елең еткізді.

Руханият • 17 Қаңтар, 2025

Тойымыз мазаққа айналмауы керек

Асыра айтқандық емес, қазір қазақта не көп, той көп. «Той – Құдайдың қазынасы» деп ата-бабаларымыз текке айтпай, алыс-жақын ағайынын, құда-жекжатын шақырып, думандатып қуанышын бөліскен. Бірақ соңғы уақытта ғасырлармен қанаттасып, заманамен жалғасып келе жатқан ұлттық салт-дәстүрмен сабақтасқан халқымыздың тойынан сән де, мән де кетіп барады.