Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23577 материал табылды

Туризм • 21 Тамыз, 2020

"Шарын" ұлттық паркінде экотуризмді дамыту бойынша тұжырымдама таныстырылды

Бүгін ашық zoom-конференция форматында көпшілік назарына "Шарын" мемлекеттік ұлттық табиғи паркін дамыту тұжырымдамасы ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 21 Тамыз, 2020

Шымкентте жаңа оқу жылында мыңға жуық кезекші мектеп сыныптары ашылады

Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова пандемия жағдайында Шымкент мектептерін жаңа оқу жылының басталуына дайындау мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Білім • 21 Тамыз, 2020

Қазақстандық студенттер Ресей үкіметінен көмек сұрады

Ресейде оқитын қазақстандық студенттер оқуын жалғастыру үшін ресейлік үкіметтен елге кіруге рұқсат беруді сұрады, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 21 Тамыз, 2020

Талдыкөл құрғатыла ма?

Нұр-Сұлтан қаласының маңындағы Кіші Талдыкөл көлін құрғату жұмыстарына сарапшылар мен ғалымдар тартылатын болды. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді.

Экология • 21 Тамыз, 2020

Экологиялық мәдениетке ерте жастан бейімдеу керек

Экология – мекен ететін табиғи орта туралы ғылым. Расында, экология өзіңнің тұрған үйіңнің, қоршаған ортаңның тазалығын сақтау, яғни салауатты өмір сал­­тын қалыптастыру дегенді біл­­діреді. Сонымен қатар бұл та­биғат­та болып жатқан барлық өз­геріст­ің себебін анықтау, баға бе­ру жә­не алдын алу мәселелерін қа­рас­тырады.

Қоғам • 21 Тамыз, 2020

Заңсыз құрылыс тоқтатылды

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі тұрғындардың шағымы бойынша Ақмола облысы Степногор қаласының іргесіндегі Бестөбе және Ақсу кеніштерінде алтын өндірумен айналысатын компаниялар тобын тексеріп, бірқатар заңбұзушылықты анықтады.

Саясат • 21 Тамыз, 2020

Цифрландыру – жемқорлықтың жолын кеседі

Цифрландырудың жемісі мен жетістігін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған Президенттік жастар кадр резервіне қатысу кезінде сезіндім. Кадрлық резервке іріктеу кезінде барлық үміткер құжатты онлайн тапсырды. Соңғы кезеңге дейін комиссия мүшелерімен жеке кездесу болған жоқ. Байқауға қабылдау, әр кезеңнің тапсырмаларын орындау барысында тек озық технологияны қолдандық. Компьютердің алдында отырдық, камера қосулы болды. Процесс өте қатал болды деуге де болады.

Саясат • 21 Тамыз, 2020

Барлық іс ашық әрі әділ жүргізілуі керек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде кеңесте деректер қорын одан əрі интеграциялау жəне мемлекеттік қызметтерді цифрландыруды жеделдетуге баса мəн беруді тапсырды. Ел Президентінің бұл тапсырмасы ел экономикасы үшін аса маңызды дер едім. Себебі жемқорлықты жеңудің бірден-бір жолы – мемлекеттік қызметтерді цифрландыру.

Экономика • 21 Тамыз, 2020

Контейнерлік пойыз Қазақстан арқылы өтеді

KTZ Express ұлттық мультимодальдық операторы «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобына тиесілі терминалды қолдана отырып, жүктерді тиеу мен өңдеуден бастап, меншігіндегі контейнерлерін ұсынуға дейінгі қызметтердің толық спектрін ұсынатын Қытай-Өзбекстан бағытындағы пойыз жөнелтілімін ұйымдастырды.

Саясат • 21 Тамыз, 2020

Праймериз: мүмкіндікті мүлт жібермеу маңызды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам» партия жұмысын қайта жаңғырту бағдарламасы халықтың бастауыш партияға деген сенімін нығайта түсті. Әсіресе, Тұңғыш Президентіміздің тапсырмасы негізінде бастау алған Nur Otan праймеризі арқылы ел тағдырына бейжай қарай алмайтын белсенді отандастарымыздың белін бууға мүмкіндік пайда болды. Мұндағы мақсат – алдағы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауына партиялық тізімдерге енгізу үшін қоғамның сенімі мен қолдауына ие болған беделді партия көшбасшыларын анықтау.