Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23577 материал табылды

Қоғам • 24 Тамыз, 2020

Той туралы ой

«Той – халықтың қазынасы» деген сөз бар. Тойға тыйым салып, қазынасынан айыруға болмас. Естуімізше, біздің қазақ сонау сұрапыл соғыс тұсында да қиюы келсе тойдан тартынбаған көрінеді.

Саясат • 24 Тамыз, 2020

Ықтимал қауіптің алдын алуға мән берген

Өнеркәсіп және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кеңес өтті, деп хабарлады akorda.kz.

Аймақтар • 24 Тамыз, 2020

Жылыту желілеріне назар аударды

Сенат депутаты Д.Әділ­беков Көкшетау қала­сын­да болып, жылыту маусымына дайындық мәселесіне назар аударды.

Саясат • 24 Тамыз, 2020

Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған жұмыстар қаралды

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия­ның отырысы өтті, деп хабарлады akorda.kz сайты.

Оқиға • 24 Тамыз, 2020

Жауынгерлік дайындық қалыпты форматта қайта басталады

Қорғаныс министрлігінің Орталық аппаратында жауынгер­лік даярлық бойынша сабақтар қайта басталды. Қорғаныс ведомствосы құрылымдық бөлімшелерінің жеке құрамы атыс даярлығы бойынша сынақтар тапсырады. Олардың нәтижелері денешынықтыру, кәсіби дайындықпен бірге әскери қызметшінің жауынгерлік дайындығының жалпы көрсеткішіне әсер етеді.

Әлем • 24 Тамыз, 2020

«Солтүстік ағынның» салқыны

Ресейдің «Солтүстік ағын – 2» газ құбыры желісі Германия мен АҚШ қарым-қатынасын қиындата түсті. Ақ үй басшысы Дональд Трамп президенттік креслоға жайғаса сала бұл жобаны қолдамайтынын анық аңғартқан. Таяуда бұл мәселе тағы да күн тәртібіне шықты.

Пікір • 24 Тамыз, 2020

Әр нәрсенің жөні бар

Қазақтың тойы қандай болу керектігі жөнінде менің айтар ойым ақиқаттың ақырғы жатысы демеймін. Өзімнің пікірім, сондықтан менің ойыммен келісетіндер де, келіспейтіндер де болар, бұл заңды дүние.

Абай • 24 Тамыз, 2020

Атасының баласы...

Иллюминатордан қарағанда сонау төменде аппақ бұлттар көрінеді. Тура апасының сабаған жүніндей. Міне, сол аппақ бұлттың ішінде ол өзін қалқып ұшып жүргендей сезінген.. Бірақ неге аппақ бұлт осыншама ыстық? Ауа жетпей барады... Бір сәт аппақ бұлт сөгіліп төменге, жерге қарай құлап бара жатқандай. Апыр-ай, мына қалпымда жерге түссем, сүйегім шашылып қалатын болар... о, Алла... Ой, Алла... міне құлап барады....

Таным • 24 Тамыз, 2020

Ғұлама философиясындағы бақытты адам концепциясы

Тарихтың «құм басқан» көне «рухани күм­без­дерінің» ішінде алыстан мұнартып, жақын­даған сайын жарқырай түсетін Әбу Насыр Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан әл-Фарабидің тұлғасы биіктей түседі. Қазақ елі көп уақытқа дейін әл-Фарабиді біле бермеді. Оның есімі шығыстанушылардың еңбектерінде аталып жүргенімен де өзіне лайықты бағасын толық ала алмай келді. 1975 жылы жарық көрген өзбек ғалымы М.Хайруллаевтың «Мироввоззрение Фараби и его значение в истории философии» (Ташкент, 1967), «М.Фараби: эпоха и учение» (Ташкент, 1975) атты монографиялық зерттеулері шығып, осы тақырыпта докторлық диссертация қорғағаннан кейін барып, қазақ ғалымдары бұл мәселеге назар аудара бастады.

Қазақстан • 21 Тамыз, 2020

9,4 миллион қазақстандық мобильді азаматтар базасына тіркелді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері карантиндік шектеулер енгізілгеннен кейін наурыз айынан бері 1,6 миллион азаматты мобильді азаматтар базасына (МАБ) тіркеді. Жалпы, мобильді құралдар арқылы мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға мүмкіндік беретін бұл базаны қазіргі таңда 9,4 миллион қазақстандық қолдануда.