Әлем • 18 Қараша, 2020
Еуропа мен Қытай климатты өзгертуге қауқарлы
«Egemen Qazaqstan» басылымы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент әзірлейтін Project Syndicate жобасы мақалаларын жариялауды жалғастырады.
Саясат • 18 Қараша, 2020
Халықаралық ахуал туралы пікір алысты
Кеше Қазақстан Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев бейнеконференция форматында өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) Қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің отырысына қатысты.
Тарих • 18 Қараша, 2020
Қазақтың дархан даласындағы қай тасты аударсаңыз да тарихтың тереңінен сөйлеп қоя береді. Табаныңыздың астында ашылмаған қаншама сыр жатқанын білмейсіз. Жуырда Төлеби ауданы Қаратөбе ауылында бие байлап, қымыз ашытатын Ақбөпе Сманованы саумал ішеміз деп іздеп барғанбыз. Ол биелерін бір қырат басына арқандайды екен. Біз сол қыраттың басына шықтық. «Мына жерде Ойрантөбе деген төбе бар. Басына Барақ, Секер деген батырлардың қабірі бар» деді ол бір сөзінде. Найманнан тараған көкжал Барақ батырды білуші едік.
Саясат • 18 Қараша, 2020
Жетісай аудандық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған безбүйрек ана қамауға алынды.
Қоғам • 18 Қараша, 2020
«Чен-Рю» ансамблі жаңа белеске шықты
Нұр-Сұлтан қаласында елордалық корейлер этномәдени бірлестігіндегі «Чен-Рю» халықтық вокалдық ансамблдің 20 жылдық мерейтойы атап өтілді.
Тарих • 18 Қараша, 2020
Ел үшін жаралған ер (Бауыржан Момышұлының соғыс өнеріндегі қалдырған ізі)
Жеке мұрағатымда бүгінге дейін сақталып келген тарихи құнды құжаттар баршылық. Оның ішінде: ұрыс қимылдарының мәліметтері мен хабарлары, шайқас сызбалары мен карталар, сонымен бірге отты жылдарда Бауыржан Момышұлын Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған құжаттар (әлдеқалай себеп-салдарсыз іске асырылмағаны) батыр ағамыздың туа бітті дарын иесі, шынайы талантты қолбасшы екенін айғақтай түседі. Бауыржан Момышұлы ұлт тарихында алдымен дарынды әскери ойшыл, тағылымды тәрбиеші, қалам қарымы тек шындыққа сүйенген жазушы тұлға. Батыр ағамыздың осындай қасиет қыры бұқаралық ақпарат құралдарында айшықтала түсуі қажет.
Руханият • 18 Қараша, 2020
«Тіршіліктің несі сән, Тереңге бет қоймаса?!»
Абай шығармаларының басты идеологиялық қазығы – «қалың елі, қайран жұрты қазағының» бойындағы кемшіліктерді жойып, ғылым-білімді меңгерген, «ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстанған», «бес нәрседен қашық, бес нәрсеге асық болған» береке-бірлігі жарасқан, ой-өрісі дамыған халқының болашағы, тәлім-тәрбиесі, ғылым-білімі.
Әдебиет • 18 Қараша, 2020
Қарала сырмақ Көңілімнен айығар сырғақ-күдік, Бала күнді толғансам жырлап тұнық. Анам сонда жүретін тым асығып, Ою салып, өрнектеп, сырмақ тігіп. Балалықтың аңсадым құлынды әнін, Қайда қалдың тым тентек жұлынған үн.
Парламент • 17 Қараша, 2020
Кеше Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Білім • 17 Қараша, 2020
Химия өнеркәсібіне серпіліс қажет
Еліміз ойшыл философ, әлеуметтанушы, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист және музыкатанушы Әл-Фарабидің туғанына 1150 жылдығын атап өтіп жатыр. Әл-Фарабидің толық аты-жөні – Әбу-Насыр Мұхаммед әл- Фараби (Мұхаммед ибн Ұзлағ Тархани). Ол Аристотельден кейін дүние жүзіне танымал ойшыл ғалым және энциклопедист. Әл-Фарабиден басқа Қазақстанның оңтүстік өңірінде өшпес із қалдырған Қожа Ахмет Ясауи, Исхак әл-Фараби, Мұхаммед Зарнуки, Сүлеймен Бақырғани, Исмаил әл-Жаухари, Ахмет Игүнеки, Мұхаммед Хайдар Дулати, Сарыұлы Ақтамберді, Мұхаммед Хорезми және көптеген басқа атақты педагог-ғалымдар, ғалым-практиктер, инженерлер мен академиктер дүниеге келді.