Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
24213 материал табылды

Аймақтар • 20 Қараша, 2020

Балаға қамқорлық – басты назарда

Балалардың құқығын қорғау, оларға қамқор болу және қоғамда балалар игілігі үшін қайырымдылық шараларын өткізу – уақыттың өзекті мәселесі. Осы орайда «Өзін-өзі тану: бала үшін миссия» атты халықаралық форум өтіп, күн тәртібіндегі келелі мәселелерді талқыға салды. Ой-пікірлерімен бөлісті.

Пікір • 20 Қараша, 2020

Ашық әрі әділ сайлауды қолдаймыз

Baqylau жобасы тәуелсіз байқаушыларды оқытумен айналысады. Бұл – азаматтық бастама десек те болады. Бізде дайындықтан өткен азаматтарға бірнеше жыл бойы сайлауда байқауды ұйымдастырып келе жатқан сенімді үкіметтік емес ұйымдар арқылы алдағы сайлауда байқаушы болуды ұсына аламыз.

Пікір • 20 Қараша, 2020

Құқық бұзушылыққа жол жоқ

Елімізде келесі жылдың 10 қаңтарында Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауы өтеді. Еліміздегі ең ірі қоғамдық бірлестік ретінде Кәсіподақтар федерациясы маңызды ішкі саяси процестерден тыс қала алмайды. Олай дейтініміз біздің қатарымызда 2 миллионға жуық адам бар. Сондықтан Кәсіподақтар федерациясы кезекті сайлауда елдің сайлау заңнамасының барлық нормаларының сақталуын бақылауға ниетті.

Пікір • 20 Қараша, 2020

Жолдау жетістіктерге жетелейді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауымен таныстыру мақсатында С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Президент Жолдауы - жастардың жарқын келешегі» атты ой-пікір сағаты өткен болатын. Өткізілген шараның негізгі мақсаты: жастарды патриоттыққа баулу, ел тарихын білуге, елімізді өркендету үшін білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу. Оқырмандардың бойындағы ұлтжандылық қасиетін көтеру, қоғамдық іс-шараларға тарту.

Саясат • 20 Қараша, 2020

Қылмыстың алдын алған абзал

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтіп, биылғы тоғыз айда атқарылған жұмыстар сараланып, ішкі істер органдарының алдағы уақытта орындауға тиісті іс-шаралары айқындалған еді. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Президенттің биылғы бірінші қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында құқық қорғау саласына жүктелген міндеттерді орындау, осы бағытта қабылданған заңнамалар мен еліміздегі қылмыстық ахуал туралы жан-жақты таныстырған болатын.

Оқиға • 20 Қараша, 2020

Жаңа портал таныстырылды

Қазақстан Республикасы Мә­де­ниет және спорт министрлігі Тіл са­ясаты комитетінің тап­сыр­ма­сы­мен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-прак­ти­калық орталығы 2020 жылғы 18 қараша күні Қазақ­cтан­да және шетелдерде қазақ тілін үйрету және ілгерілетуді көздейтін «Абай институты» порталының таныстырылымын ұйымдастырды.

Қаржы • 20 Қараша, 2020

Білім саласының инвестициялық әлеуеті артуда

Жаһандық экономикада ағымдағы «коронакризиске» байланыс­ты едәуір өзгерістер орын алуда. Оның бір айқын дәлелі – әлем бойынша тікелей шетелдік инвестициялар көлемінің қысқаруы. Мысалы, инвестициялық тартымдылығы жоғары Еуропаның 47 елінде жоспарланған 6 мыңнан астам жобаның тек 65%-ы мерзімдеріне сәйкес жүзеге асырылса, қалған 35%-ы уақытша тоқтатылып, тіпті мүлдем жүзеге аспай қалуы мүмкін.

Қоғам • 20 Қараша, 2020

Бізде жақсы жобалар бар...

Жеті жыл бұрын «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы қабылданып, солтүстік пен шығыстағы «жұмыс күшін қажет ететін» аймақтарға азаматтарды қоныстандыру қолға алынған. Тәуір-тәуір уәделері де бар: үймен, жермен қамтиды, отбасының әр мүшесіне бір реттік жәрдемақы береді, балалары мектеп пен балабақшаға кезексіз қабылданады, тағысын тағы. Осы орайда жылы орнын суытып солтүстікке көшіп барған кейіпкерлермен пікірлескен едік. Бірінің айы оңынан туса, бірі әлі мемлекет ұсынған игіліктерді ала алмай шерменде болып жүр.

Руханият • 20 Қараша, 2020

«Қасиетті Қазақстан» бағдарламасы аясында соңғы жылдары жаңадан 300-ден астам нысан анықталды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы – қазақ ұлтының салт-дәстүрін, өткен­нен келе жатқан мұраларын дәріптей отырып өркениетті қоғам құруға, ұлт ретінде дамуымызға бағытталған концептуалды құжат.

Білім • 20 Қараша, 2020

Балабақша – жаңартылған білімнің бастауы

Биыл еліміздегі орта білім берудің мазмұны толығымен жаңар­тылды. Жаңартылған білім беру заман талабына сай ұр­пақ тәрбиелеудің алғышарты болып тұр. Ал осы бағыттағы атқа­рылған істер нәтижелі болу үшін жаңартылған білім мазмұнына сәйкес тәрбиелеу мен оқытуды балабақшадан бастау керек. Се­бебі мектепке дейінгі білім – барлық білім беру жүйесінің іргетасы.