
Мәдениет • 05 Маусым, 2025
Қазақстан-Италия: Мәдени байланыс нығаяды
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Неаполь қаласында өткен ЮНЕСКО-ның «ХХІ ғасырдағы мәдени мұра» атты екінші конференциясына қатысты. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Саясат • 05 Маусым, 2025
Сенімге негізделген серіктестік
Премьер-министр Олжас Бектенов Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ұйымына мүше елдер үкіметтері басшыларының кеңесіне қатысу үшін Душанбе қаласына барды. Онда Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчинмен екіжақты кездесу өтті.
Қоғам • 05 Маусым, 2025
Жасанды интеллектіні дамытуға назар аударды
Сенаттың Taldau Talks подкасының жаңа шығарылымы жарияланды. Кезекті шығарылым Қазақстанда цифрландыру және жасанды интелектіні дамыту тақырыбына арналды. Сұхбат барысында қол жеткізілген нәтижелермен бірге data-орталықтарды дамыту, цифрлық теңсіздікті жою, IT-кадрлар даярлау және заманауи АI-технологияларды енгізу сияқты жаңа міндеттер де сөз болды.
Өшпес даңқ • 05 Маусым, 2025
Биыл елімізде Жеңістің 80 жылдығы аясында фашизмге қарсы соғысқа қатысқан ерлеріміздің ерен ерліктері еске алынды. Майдандағы қаһармандығы, бейбіт күндегі маңдай тері жұрт жадында сақталып, құрметке бөленген ардагердің бірі Нұрлыбай Қасымбеков еді.
Спорт • 05 Маусым, 2025
Елімізде кәсіби және бұқаралық спорт – елеулі басымдықтың бірі. Бұл туралы Мемлекет басшысы: «Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаты арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық спортты дамыту пирамидаға айналуы қажет. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз», деген еді. Осы бағытта Президент тапсырмасымен «Дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту жөніндегі 2020–2025 жылдарға арналған кешенді жоспар» әзірленіп, Үкімет қаулысымен бекітілді. Бұл жоспар өңірлерде кезең-кезеңмен жүзеге асып жатыр.
Таным • 05 Маусым, 2025
Тамақтану тән қажеттілігі ғана емес
Адам күн сайын тамақтанады. Бұл – жай ғана қарын тойдыру емес, өмір сүрудің негізгі шарты. Ғалымдардың есебінше, адам ағзасы тіршілік ету үшін тәулігіне орта есеппен 2000–2500 килокалория энергияны қажет етеді. Бұл энергияны тек тамақтан аламыз. Ал адам неге тамақ жейді деген сұраққа аштықты басу үшін деп жауап беру аздық етеді. Өйткені тамақтану – физикалық қажеттілік қана емес, адамның психологиялық, эмоциялық жағдайына да тікелей әсер ететін күрделі құбылыс.
Өшпес даңқ • 05 Маусым, 2025
Батырлар есімі ескерткішке қашалды
Биыл адамзат баласының тарихындағы зардабы мен қасіреті өте ауыр, ең қанқұйлы Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіске 80 жыл толды. Неміс басқыншыларына қарсы күресте Қазақстанның қосқан үлесі ұшан-теңіз. Соғыста атылған әрбір он оқтың тоғызы елімізде шығарылса, әрбір бесінші отандасымыз майданға аттанды. Сол майдангерлердің өзі бүгінде азайып барады. Алайда ерлігі елге мұра, ұрпаққа ұран болған асыл жандар санадан сызылып, ойдан өшпеуге тиіс.
Аңдатпа • 05 Маусым, 2025
6 маусым - «Жусан иісі» Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» драмасы сахналанады. Режиссері – Жұлдызбек Жұманбай.
Сатира • 05 Маусым, 2025
Қаламгер қауымның басқаларға қарағанда бір ерекшелігі – елге өзінен бұрын сөзі жетеді. Сол секілді, маған да ең бірінші сатира сардарының өзін емес, сөзін тану бұйырды. Оның сатиралық туындыларын сонау бала кезімізде тұщына оқып, суретін баспасөз беттері мен теледидардан көріп таныдық.
Көрме • 05 Маусым, 2025
«Qazaq content»: өнер уақыт таңдамайды
Ел астанасында «Forte kulanshi art space» галереясында «Qazaq content» атты заманауи өнер көрмесінің ашылуы өтті. Бұл – еліміздегі кәсіби суретшілердің екінші биенналесінің аясында ұйымдастырылған ерекше мәдени оқиға. Көрменің кураторы – өнертанушы, «Құланшы» қазіргі заман өнер орталығының жетекшісі Лейла Махат.