
Әлем • 15 Қаңтар, 2021
Ангела Меркель орнын босата ма?
Христиан-демократиялық одақ съезді жаңа төрағасын сайламақ. Сайланған төраға осы жылдың қыркүйек айындағы сайлауда Германия канцлерлері консерваторларының кандидаты бола алады сонымен қатар, Ангела Меркельдің орнын алуы да мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Ақтауда діни мереке кезінде теңіз жағасында суға түсуге шектеу қойылды
Маңғыстауда Православ христиандарының мерекесіне байланысты теңіз жағасында жаппай суға түсу рәсіміне шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Ауа райы • 15 Қаңтар, 2021
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Қазгидромет демалыс күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Еgemen.kz
Әлем • 15 Қаңтар, 2021
Оңтүстік Кореяның экс-президенті ұзақ мерзімге сотталды
Оңтүстік Кореяның Жоғарғы соты елдің 68 жастағы экс-президентін қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны, пара алғаны және бопсалау әрекеттері үшін 22 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Egemen.kz Yonhap News агенттігіне сілтеме жасап.
Әлем • 15 Қаңтар, 2021
Индонезияда жер сілкінісінен қайтыс болғандар саны 34-ке жетті
Индонезияның Сулавеси аралындағы жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны 26-ға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 15 Қаңтар, 2021
Германияда вакцина ектірген он адам қайтыс болды
Коронавирусқа қарсы вакцинациядан кейін он адамның қайтыс болғаны туралы мәліметтерді немістің Пол Эрих институты тексеруде, деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 15 Қаңтар, 2021
Қара түнді жарық қылып бұршақ жауды. Тіпті лашығымның ішіне сүмбі гауһардай кесек бұршақтар үдере қадалып, қозғала алмай отырып қалдым. Аузын қайдан ашып қойды екем? Сүңгідей қадалған бұршақты жарып өтіп есік жабу деген қиын іс. Бұршақ бір сәт толастай қалып соңы себелеген жаңбырға айналды.
Қоғам • 15 Қаңтар, 2021
Түркістан қаласындағы «Халықты жұмыспен қамту орталығында» бұған дейін ұзын-сонар кезектен көз сүрінетін, орталық қызметкерлері де, қызмет алуға келген халық та жүйкелері шаршап, наразы кейіппен бір-біріне шағым айтып жататын. Енді орталық толықтай робот-бейнекамералардың бақылауына көшкен соң, оның кең залы құлаққа ұрғандай тып-тыныш. Кезек атымен жоқ. Сервис қызметкерлері де, тұтынушылар да бір-бірімен сыбырласа сөйлеседі. Себебі сізді осындағы әр қызметкердің алдында тұрған 18 камера бақылап отыр. Бұл сыбайлас жемқорлықты, тұтынушы мен қызмет көрсетуші арасындағы жең ұшынан жалғасуды жою мақсатында атқарылып отырған оңды шара.
Қоғам • 15 Қаңтар, 2021
Құқықтық сауаттылық – уақыттың басты талабы
«Заң үстемдігі орнықпаса, азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, әлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайды». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтырғы Жолдауында әділетті мемлекет құрудың алғышарты осындай жолмен айшықталған еді. Азаматтардың мүддесін қорғау жолында елімізде еңбектеніп жүрген кәсіби білікті заңгер көп. Солардың бірі – белгілі құқық қорғаушы, «Фемида Қазақстан» заңгерлік орталығының құрылтайшысы Ләззат Ахатова.
Пікір • 15 Қаңтар, 2021
Тәуелсіздік тірегі – ұлт бірлігі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында тәуелсіздіктің қадірі мен құндылығын, оны сақтаудағы бағдар-белестерді айқындап берді.