
Әлем • 19 Қаңтар, 2021
Алжир мен Марокко территориясындағы шөлде қар жауды, деп хабарлайды Egemen.kz
Білім • 19 Қаңтар, 2021
Грантты жұмыспен өтеу шарттары жеңілдетілді
Енді түлектер тек мемлекеттік мекемелерде ғана емес, жекеменшік ұйымдарда да жұмыс істеп, гранттарын өтей алады. Басты шарт – дайындық бағыты (мамандығы) бойынша жұмыс істеу қажет. Жуырда Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов түлектер жиі көтеретін мәселе оң шешімін тапқанын айтты.
Қоғам • 19 Қаңтар, 2021
Жақсылық көрсең де, жамандық көрсең де өзіңнен
Бала күнімізде ауылда бір кейуана дүниеден өтті. Әлгі кейуананы жерлеп бола бергенде қабірі, төмпешік болып үйіліп жатқан топырақ ойылып, опырылып түсіпті. Ауыл шулап біраз күн дүрлігісті. «Көкпес кемпірдің қабірі құлап қапты, қабір ішінен қорқынышты дыбыс шығыпты», деген сыңайлы жел сөз гулей жөнелді.
Туризм • 19 Қаңтар, 2021
The Guardian оқырмандары ұнатқан ел
Қазақстан The Guardian басылымының оқырмандары саяхаттауға кеңес берген елдер қатарына кірді. Сонымен қатар Ұлыбритания басылымының тізімінде Шотландия, Украина, Қырғыз Республикасы, Мавритания, Грузия мемлекеті бар.
Руханият • 19 Қаңтар, 2021
«Абай тілі сөздігінде» (1968 жыл) берілген дерекке қарағанда, ұлы ақынның шығармашылық мұрасында алты мыңнан астам сөз бар екен. Сол алты мыңның іші-сыртында ақын қолданған фразеологизмдер, паремиологизмдер, афоризмдер өз алдына жеке тақырып. Одан беріде ақын шығармаларының текстологиясы жасалып, екітомдық жинағының ғылыми академиялық басылымы жарық көрді (1977 жыл).
Пікір • 19 Қаңтар, 2021
Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» стратегиялық мақаласында тәуелсіздіктен тағылым алу керектігін айтты. Президент осы мақаласында елдің көкейінде жүрген, халық күткен мәселелерді қозғап, алда атқарылатын бірқатар іс-шаралардың басты бағдарын құрып берді.
Пікір • 19 Қаңтар, 2021
Тәуелсіз мемлекетімізбен ғана ұлт ретінде сақталамыз
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқавтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласын оқып шығып, егемендігімізді, мемлекеттігімізді нығайту үшін не істеуіміз керек деген сауалға жауап алдық.
Үкімет • 19 Қаңтар, 2021
Үкімет мүшелерінің кандидатуралары келісілді
Мәжілістің комитеттерінде Премьер-Министрдің орынбасарымен және министр лауазымдарына ұсынылған кандидатураларды келісуге арналған кеңестер өтті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Пікір • 19 Қаңтар, 2021
Архивтік құжаттар алтын бастау бола алады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы көпшіліктің көңілінен шығып, халықтың қолдауына ие болуда. Оның себебі түсінікті де. Президент өз мақаласында қазір халықтың көкейінде жүрген көптеген мәселені тап басып тауып, нақты шешу жолдарын ұсынған.
Руханият • 19 Қаңтар, 2021
«Курскіде» қызмет еткен капитан
Туған жерді, туған өлкені тану сол жерде туған, сол жерде тұрған, сол жерден түлеп ұшқан адамдарды танудан басталады. Атпал азамат, білікті маман қай жерде жүрсе де өзін таныта алады. Дегенмен, атом сүңгуір қайығы сияқты жүз жұмбағы, мың құпиясы бар қарудың маманы болу кез келген қазақтың маңдайына бұйыра бермеген. Бұдан жиырма жыл бұрын Ресей елінің «Курск» К-141 атом сүңгуір қайығының апатқа ұшырағанын ел-жұрт әлі ұмыта қоймаған болар. Біздің әңгімеміздің кейіпкері өзінің бар әскери өмірін осы «Курск» атом сүңгуір қайығына арнаған Болат Қыпшақбайұлы ЖҮСІПОВ деген азамат.