Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
24258 материал табылды

Қоғам • 28 Қыркүйек, 2021

Назарда – азаматтар мен кәсіпкерлер құқықтары

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жол­дауында прокуратураның қадағалауын азаматтар мен бизнестің проб­лемаларын тиімді шешуге қайта бағдарлауды тап­сырды. Осыған байланысты азаматтар мен кәсіп­­керлердің құқықтарын қорғау саласындағы қада­ға­лауды күшейтуге бағытталған бірқатар шара қабылданды.

Президент • 28 Қыркүйек, 2021

Баршаға тең білім беру жүйесі қажет

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың биылғы Жолдауы қазіргі кезеңнің ең маңызды деген мәселелерін қамтып, еліміздің алдында тұрған мақсат-міндеттерді айқындап берді. Президент пандемия салдарынан бәсеңдеген экономикалық өсімді үдету, халықтың әл-ауқатын жақсарту, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттырып, білім сапасын көтеру, адам құқығын қорғау, ұлт бірлігін нығайту сынды бастамаларын жариялады. Қуантарлығы, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі аясында біздің тараптан айтылған білім саласына қатысты мәселелер биылғы Жолдауда көрініс тапты. Бұл «еститін, қоғамға құлақ асатын мемлекет» қағидасының шын мәнінде іске асып жатқанын көрсетіп отыр.

Парламент • 28 Қыркүйек, 2021

Заң білімінің сапасы қаралды

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары еліміздегі заң білімінің сапасын зерттеу мақсатында Қарағанды қаласының бірқатар оқу орындарында болды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Білім • 28 Қыркүйек, 2021

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жетістіктері зор

Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрағасы Күләш Шәмшидинованы қабылдады, деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.

Қоғам • 27 Қыркүйек, 2021

Ізгілікке үндеген іргелі бастама

  XXI ғасырдың басында Қазақстан алғаш рет зайырлы мемлекет әрі ха­лық­аралық құқық субъектілерінің бірі ретінде іргелі бастама көтеріп, жа­һандық және дәстүрлі діндер көш­бас­шы­лары арасында үнқатысу мен бей­біт пікір алысуды нығайту, сондай-ақ өркениетаралық қарым-қатынастар мен өзара түсіністікті жолға қоюға ба­ғыт­талған аса жауапты миссияны іске асы­ру­ға белсене кірісіп кетті.

Медицина • 27 Қыркүйек, 2021

JCI аккредиттеуінен өтті

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу инсти­ту­тының қызметі Медициналық ұйымдарды аккредиттеу жө­ніндегі халықаралық біріккен комиссия тарапынан сәтті бағаланып, JCI аккредиттеу – сертификатын алды.

Қоғам • 27 Қыркүйек, 2021

Комплаенс-қызметін дамыту қажет

Antikor Ortalyğy алаңында Antikor.live және Protecting Business and Investments жобалары шеңберінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің бастамасымен елордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті дамыту мәселесі бойынша онлайн кездесу өтті.

Үкімет • 27 Қыркүйек, 2021

Жаңсақ мәліметтер жарияланған

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Factcheck.kz жарияланымында көрсетілген ақпарат толық емес екендігін хабарлайды.

Қазақстан • 26 Қыркүйек, 2021

Тағдыры темірдей шыңдаған қайраткер

Нығметжан Есенғарин есімі тек республикаға ғана емес, одан тысқары жерлерде де жақсы таныс. Өзінің еңбек жолын қарапайым байланыс монтері ретінде бастаған ол тынбай ізденуінің арқасында КСРО Жол қатынастары министрінің орынбасары, одан кейін тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Көлік министрі, Премьер-министрдің бірінші орынбасары деңгейіне дейін көтерілді.

Тарих • 26 Қыркүйек, 2021

Пяндж өзеніндегі ерлік

Өмір, шіркін, сынаптай сырғып өтеді. Көп нәрсе ұмытылып жатады. Тәжікстандағы азаматтық соғыстың аяқталғанына да аз уақыт болған жоқ. Әйтсе де, Раджан Батырханов қабырғадағы портретінен бізге бәз-баяғы жас қалпында көз тастап тұрған сыңайлы. Оның анасы, бауырлары мен мектептегі кезінде тай-құлындай тебісіп өскен достары, туған өлкесі Катон-Қарағайдан шығып, күркіреп аққан Пяндж өзеніндегі «ыстық нүктені» иық тіресе жүріп бірге қорғаған жауынгерлер арамызда жүр.