
Экология • 08 Шілде, 2021
Қазақстанда 2017 жылы ресми түрде бекітілген Балықшы күні шілденің екінші жексенбісінде кәсіби мереке ретінде атап өтіледі. Биыл бұл күн 11 шілдеге сәйкес келеді. Бұл туралы 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңның 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы еткен болатын, соған сәйкес 3 жылдан бері балық кәсіпшілігінің қызметкерлері бұл кәсіби мерекені атап өтуде.
ANTIKOR • 08 Шілде, 2021
Елімізде жемқорлық тыйылмай тұр. Өкініштісі, сол уақыт өте, тіптен, күшейіп барады. Осындай заң бұзушылықтарды болдырмау және алдын-алу мақсатында кешенді шаралар қолға алына бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 08 Шілде, 2021
Орал қаласында күйші-композитор Сейтек Оразалыұлының туғанына 160 жыл толуына орай республикалық «Күй құдіреті» домбырашылар байқауы қорытындыланды.
Қоғам • 08 Шілде, 2021
Ғұмырын ғылым жолына арнаған ұлы ғалым
Кемелді келешекке бастайтын ғылымның химия саласы туралы сөз қозғалғанда есімі алғашқылардың қатарында айтылатын көрнекті тұлғаның бірегейі, бүгінде әлем таныған ғұлама ғалым, қайраткер, ұлт жанашыры, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты – Еділ Ерғожаұлы Ерғожин.
Саясат • 08 Шілде, 2021
Шалғай елді мекендерге аттанды
Еліміздің өңірлерінде Nur Otan партиясы фракциясының мүшелері – мәжілісмендердің халықпен кездесулері басталды.
Саясат • 08 Шілде, 2021
Гибридтік форматтағы кездесулер
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бастаған қазақстандық делегация Мадридте гибридтік форматта өткен Ядролық қарусыздану және ядролық қаруды таратпау туралы шарт (ЯҚТШ) жөніндегі Стокгольм бастамасына қатысушы елдердің кезекті министрлік кездесуіне қатысты.
Саясат • 08 Шілде, 2021
Мәулен Әшімбаев Сауд Арабиясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Абдулазиз бен Абдулла әл-Даудты қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Қоғам • 07 Шілде, 2021
Жан күйзелісінен келетін кесел
Елімізде 2016 жылы депрессияға ұшыраған жандарға психологиялық көмек қолын созатын сенім телефоны іске қосылған. Сол жылы оған 2 миллиондай адам көмек сұрап, қоңырау шалған екен.
Ел және Елбасы • 07 Шілде, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев: Елорда – Тәуелсіздік жылдарындағы тәуекелдің ең үлкені
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі жылдарында жүзеге асқан ауқымды әрі теңдессіз жоба – Нұр-Сұлтан қаласының салынуы. Стратегиялық тұрғыдан мемлекеттің болашағы үшін аса маңызды шешімнің тиімді де нәтижелі болғанын тұтас ұлт мойындап, игілігін көрді. Елорданың қазақ жерінің орталығына көшірілуі геосаяси тұрғыдан ғана емес, экономикалық, әлеуметтік жағынан да өте пайдалы болды. Қазақстанда құрылыс индустриясының жоғары қарқынмен өркендеуіне ықпал етіп, жаңа сипатқа көшуіне және ұлан-ғайыр жеріміздегі барлық аймақтардың дамуына серпін берді. Бүгінде қазақ елінің әрбір тұрғыны Нұр-Сұлтан қаласына мақтанышпен, құрметпен, зор ілтипатпен қарайды. Бұл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылы бедерінде жүзеге асқан бірегей, ұлы жоба болды. Жобаның іске асуы кезіндегі қиын да, қызық сәттерді еске алу үшін «Qazaqstan» телеарнасынан «Nur-Sultan. Қолтаңба» деректі фильмі жарыққа шықты. Деректі фильм негізінде Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың журналист Ләззат ТАНЫСБАЙҒА берген сұхбатын газет оқырмандарына ұсынамыз.
Әлем • 07 Шілде, 2021
Қазақстан – «Геосаяси үшбұрыштың» жүрегі
Әлемдік күш орталығы Батыстан Шығысқа қарай қайта ойыса бастаған кезеңде «Жаңа ұлы ойында» геосаяси «жүректің» орны туралы әртүрлі көзқарастар болғанымен, жалпы жағдай «Кавказ – Орталық Азия –Оңтүстік Азия геосаяси үшбұрышының» маңыздылығын көрсетіп тұр. Мұндағы басты сұрақ – бұл жаңа дүниежүзілік тәртіп қалай құрылады деген сұрақ. Ол жойқын соғыстан кейін немесе ұзаққа созылған бітіспес соғыстардан кейін құрыла ма, әлде ынтымақтастыққа бағытталған бітімшіл тәсіл осы үдерісте үстем бола ма? Осы аймақтың дәл ортасында орналасқан түркі-ислам әлемі, атап айтқанда, Қазақстан мен Түркі Кеңесі екінші тәсілді/тезисті қолдайды. Бұл тезиске сәйкес Орталық Азияның Шығыс пен Батыс арасындағы билік үшін күрестегі «жұмсартушы буферлі аймақ» рөлі алдыңғы қатарға шығады.