Таным • 15 Қазан, 2021
Мейірбан әжеміз мәңгі жүрегімізде
Еңбек ардагері Чаимхан Ақшаева 98 жасында өмірден озды. Сүйікті әжеміз бүкіл өмірін отбасы мен қоғамға арнады, әрдайым балаларын, немерелері мен жас ұрпақты дұрыс өмірлік құндылықтар негізінде тәрбиелеуге көп көңіл бөлді.
Аймақтар • 15 Қазан, 2021
«Анаға тағзым» орталығы ашылды
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен Тараз қаласында «Анаға тағзым» орталығы ашылды. Аталған орталық «Таразға тарту» жобасы аясында бой көтерген. Бұл нысанды «АрайСтройМаркет» ЖШС директоры Арман Еділбаев өз қаражатына салып беріп отыр. Орталық заман талабына сай салынып, ұлттық нақышта безендірілген. Жұмыс істеуге барлық мүмкіндік бар. Ал алдына ақжаулықты аналардың құрметіне еңселі ескерткіш орнатылған.
Қазақстан • 15 Қазан, 2021
Қазақстан-Германия: Өзара ынтымақтастықтың алғашқы қадамы
Осыдан 30 жыл бұрын Қазақстанға алғаш рет Германияның Сыртқы істер министрі Ганс-Дитрих Геншер келді. Нақтылай айтқанда, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жариялануы алдында, 1991 жылдың соңғы айларындағы сыртқы саяси оқиғалар қатарында Германия тарихындағы және сол кездегі әлемдік саясаттағы ең ықпалды тұлғалардың бірі – ГФР Сыртқы істер министрі Ганс-Дитрих Геншердің елімізге алғашқы сапары маңызды орын алды.
Экономика • 15 Қазан, 2021
Қарағандыда спецкокс өндірісін ұлғайтады
Жаңа зауыттың құрылысы ERG (Еуразиялық топ) құрамындағы «Шұбаркөл көмір» АҚ-тың өнеркәсіп алаңында басталып кетті. Бұл – Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында қолға алынған ең маңызды жобалардың бірі. Жалпы, «Шұбаркөл көмір» АҚ – еліміздегі ең ірі энергетикалық көмір өндірушілердің бірі. Мұнда көмірді терең өңдеу бағдарламасы жақсы жолға қойылған.
Экономика • 15 Қазан, 2021
Қазан айында Қазақстанда диаметрі үлкен болат құбырлар шығаратын жалғыз зауыт – «ArcelorMittal Products Aktau» АҚ өзінің 15 жылдығын атап өтеді. Осы уақыт ішінде кәсіпорын 170 мың тоннадан астам құбыр өнімдерін шығарып, сатты. 920 шақырымнан астам құбыр коррозияға қарсы жабынмен өңделді.
Қоғам • 14 Қазан, 2021
1966 жылдың жадыраған жазы. Алғабас аудандық партия комитетінің идеология жөніндегі хатшысы Бақытжан Қалменов алдында тұрған ұзын бойлы, сымбатты жігітке сүйсіне қарап, жолдамасымен танысты.
Әдебиет • 14 Қазан, 2021
Кез келген адамның, кейін ол мейлі дара болсын, мейлі дана болсын, ең алдымен бала болатыны атар таңдай ақиқат, шығар күндей шындық. Сондықтан бүгін біз бала Тұрсынды, бозбала Тұрсынды, түбіт мұрт Тұрсынды көбірек әңгімелейміз. Қазіргі алты Алаш аялаған абыз Тұрсынға негіз қалаған нағыз Тұрсынның бейнесін бедерлеуге тырысамыз. Атақты Марғасқа жыраудың «Ей, Қатағанның хан Тұрсын» деп жырлайтыны сияқты, біз де қарымды қаламгер, ғибратты ғалым, парасатты профессор, айбарлы алаштанушы, әлеуетті әуезовтанушы Тұрсын Жұртбайдың бала кезін еске саламыз, шығармашылық бастауының бал-бұлақтарын іздейміз.
Өнер • 14 Қазан, 2021
1992 жылы ашылған Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің қорында 55 мың жәдігер сақталған. Оның 15 мыңнан астамы негізгі қордағы құндылық саналады. Соның бірі һәм бірегейі қазақ драма театрының алғашқы қарлығаштарының бірі – Жанбике Шанинаның Мұхтар Әуезовтің «Қарагөз» пьесасында Қарагөз рөлін сомдаған киімінде салынған суреті.
Экономика • 14 Қазан, 2021
АрселорМиттал құны 2 млн долларлық жабдықты іске қосты
АНГА желісіндегі ыстықтай мырыштау және алюминилендіру цехында жаңа заманауи түйіспе дәнекерлеу машинасы іске қосылды.
Медицина • 13 Қазан, 2021
Пациенттерді қолдау қызметі қалай көмектеседі?
Елімізде 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейінгі аралықта халықты емханаларға тіркеу науқаны жүріп жатыр. Пациенттер қажетті медициналық қызметтердің көбін емханалардан алады. Сондықтан да азаматтарда медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігі бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде көптеген сұрақтар туындайтыны түсінікті жағдай. Медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі бұл мәселелерді пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметі арқылы емхананың өзінде қалай шешуге болатындығын таратып түсіндірді.