Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
24258 материал табылды

Қазақстан • 19 Қазан, 2021

Орнықты даму көрінісі

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» деп аталатын Жолдауында еліміздің қоғамдық-саяси дамуының тұрақтылығын қастерлеп қорғауды және оның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми, мәдени өркендеуінің басым бағыттарын нақты шешімдермен айқындап ұсынады.

Елбасы • 19 Қазан, 2021

Қазақстанның бітімгерлік міндеті маңызды

Қазақстан 1991 жылдан бастап Тұңғыш Пре­зидент Нұрсұлтан Назарбаевтың баста­ма­сымен бүкіл әлемдегі бейбітшілік үшін маңызды рөл атқарып келеді. 1995 жылы 10 тамызда Тәуелсіз Қазақстан Республикасы Семей қаласында қазақтың ұлы ақыны, «қазақ руха­ниятының жаны» – Абай Құнанбайұлының 150 жылдығын тойлауды қолға алды. ЮНЕСКО-ның сол кездегі Бас хатшысы Федерико Ма­йор Қазақстан Республикасының Тұңғыш Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаевқа және барлық қатысушыға арналған өзінің құттықтау сөзінде: «Сіздер көлеңкеде болдыңыздар, бірақ бұдан былай халықаралық қоғамдастықтың назары – сіздерде», деді.

Қазақстан • 18 Қазан, 2021

Құстарды сақтандыру мемлекеттен субсидияланады

Бүгінде Қазақстанның мал шаруашылығында мемлекет субсидиялайтын алты сақтандыру шарасы жұмыс істеп тұр. Енді бұл тізімнің қатары үй құстарын сақтандырумен толықтырылды.

Өнер • 18 Қазан, 2021

Аға-досты аңсау

Бізді алғаш таныстырған ән еді.

Руханият • 18 Қазан, 2021

Абай, Алаш һәм Тәуелсіз Қазақстан мұраты

Өресі биік тұлғаларды алдыңғы қатарға шығара алмаған және солардың ақыл-ойы мен іс-әрекетінің игілігін пайдаланып, жемісін тұтына алмаған қоғам ауыр дағдарысқа ұшырайды, деген екен Әл-Қайс. Қазақ тарихының терең түкпіріне үңілсек, ұлтқа ұстын болатын тау тұлғаларға кенде еместігіміз көңіл көзімізге анық көрінеді.

Қазақстан • 18 Қазан, 2021

Руханиятқа жасалған үлкен қолдау

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі»  Жолдауында жас­тар саясатына, білім беру жүйесі мен ғылыми әлеуетті арттыру мәселесіне қатысты айтқан сөздері мен берген тапсырмаларын қуанышпен қабылдадық.  

Фотогалерея • 18 Қазан, 2021

Мизамшуақ

Назарларыңызға Egemen Qazaqstan газетінің фото-тілшісі Ерлан Омардың фоторепортажын ұсынамыз.

Аймақтар • 18 Қазан, 2021

Өрт сөндіру бекеті ашылды

Ақмола облысы Ақкөл ауданында өрт сөндіру бекеті ашылды, ол өз жұмысын «Алтын Жер Астана 2020» ШҚ базасында жүзеге асыратын болады. Айта кету керек, бұл Ақкөл ауданында жұ­мыс істейтін үшінші өрт сөндіру бекеті.

Медицина • 18 Қазан, 2021

Нәрестелердің патронажы туралы нені білу қажет?

Жыл сайын Қазақстанда 400 мыңға жуық сәби дүниеге келеді. Өмірінің алғашқы айларында жаңа туған нәресте үнемі бақылауды және дұрыс күтімді қажет етеді. Бұл үшін медициналық ұйымдарда патронаждық қызмет жұмыс істейді, нәрестені үйге шығарғаннан кейін оны бірден емхананың учаскелік медбикесі өз бақылауына алады. 18 жасқа дейінгі балалар медициналық сақтандыру жүйесінде азаматтардың жеңілдікті санатына кіреді, сондықтан оларға туғаннан бастап кәмелеттік жасқа толғанға дейін барлық медициналық көмек мемлекет есебінен тегін көрсетіледі.

Қоғам • 17 Қазан, 2021

Талқылайтын уақыт келді

Халық арасында сын айтылып жүргенімен, ұлттық жобалар институтының бірқатар жағымды жағы бар. Біріншіден, мемлекет жүйелі. Біраз уақыт бұрын мемлекеттің жоспарлау пирамидасы үнемі жаңа және бір-бірімен байланысты емес құжаттарға толығып отырды. Олардың мақсаты қатардағы азаматқа түсінікті бола бермейтін. Президент 26 қаңтарда 2025 жылға дейін орындалуы керек 10 жалпыұлттық басымдық бойынша Жарлыққа қол қойды. Бұл – абстрактілі мақсаттар туралы емес, азаматтар үшін түсінікті тақырыптар. Яғни бағдарламалар денсаулық сақтау, білім беру, қауіпсіздік, күшті экономика және аумақтық даму туралы болмақ.