
Үкімет • Бүгін, 10:15
«Tasqyn» жүйесін жетілдіру қадамдары
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен 2025 жылғы су тасқыны кезеңінің қорытындысы және «Tasqyn» су тасқынын болжау мен модельдеу жүйесін одан әрі дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті. Іс-шара барысында қолданыстағы механизмнің тиімділігі сараланды.
Мектеп • Бүгін, 09:50
«Келешек мектептері» – болашаққа салынған инвестиция
Кейінгі жылдары отандық білім саласында сапалы және қолжетімді білім алуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Осы тұрғыда жиі айтылатын екі ұғым бар: біріншісі – «Келешек мектептері», екіншісі – элиталық мектеп. Сырт көзге ұқсас көрінгенмен бұл екі форматтың миссиясы мен жүзеге асу жолдары әртүрлі.
Технология • Бүгін, 09:40
Жақында еліміз «50-in-5» жаһандық бастамасына қосылды. Бұл бастама цифрлық қоғамдық инфрақұрылымның (DPI) негізгі элементтерін жедел енгізуді мақсат етеді. Сондай-ақ технологиялар заманауи, ыңғайлы, проактивті мемлекеттік қызметтерді дамытуға негіз болып, адамдардың өмір сүру сапасын арттырып, цифрлық экономиканы ілгерілетуге ықпал жасайды.
Әдебиет • Бүгін, 08:55
Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында АҚШ-тың Калифорния университетінде тағылымдамадан өтіп жатқан ғалымдарымыз Калифорния штатында туып, өмір сүрген жазушылардың мұражай-үйлеріне сериялық ғылыми экспедицияға барып жүр. Бұл жолғы сапарымызда белгілі жазушы, Нобель сыйлығының лауреаты Джон Стейнбектің туған топырағына табан тіредік.
Мәдениет • Кеше
Ұлттық музейде литваның әйгілі суретші-композиторы Микалоюс Константинас Чюрлёнистің шығармашылығына арналған көрме ашылды. Қайталанбас туындылары арқылы көрермендерді рухани саяхатқа жетелеген көрме шынында да қызығушылық тудырады.
Саясат • Кеше
Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Сингапур Республикасына сапары аясында ел Президенті Тарман Шанмугаратнаммен және Парламент спикері Сеа Киань Пэнмен кездесті. Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылап, осы бағыттағы бірлескен жұмыстың маңызды міндеттерін айқындады.
Пікір • Кеше
Тәңірім адам-пенде қарекетіне жаратсын, қиналмай қарпып ішіп-жесін деп, жердің асты-үстіне мол қазынаны берген-ақ қой. Ақиқатына келсек, сол байлықтың кейбірінің түбі көріне бастағаны рас. Бізде ғана емес, төрткүл дүниеде де.
Білім • 25 Маусым, 2025
Бала екі-үш жасқа толған кезде, анасының жұмысқа шыққысы келетіні сән үшін емес, заман талабы десек те болады. Бірақ уайым бақшада да бітпейді, мектепте де көбеймесе, азаймайды. Таңнан кешке дейін жұмыста жүрген ата-ана баласының сабақтан кейінгі бос уақытын сапалы өткізуін ойлайды. Баланың мектептен шыққан соң қосымша сабақтар мен түрлі үйірмелерге баратыны, сол уақытты қалай толтырамыз дегенге саятынын да көріп жүрміз.
Саясат • 25 Маусым, 2025
Қазақстан мен ЕҚДБ ынтымақтастығы нығайып келеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 37-пленарлық отырысына қатысу үшін Қазақстанға келген Еуропалық қайта құру және даму банкінің президентімен кездесу өткізді.
Саясат • 25 Маусым, 2025
Сингапурдағы халықаралық конференцияға қатысты
Парламент Сенатының төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев Сингапурда өткен Ұйымшыл қоғамдар жөніндегі халықаралық конференцияға қатысты. Аталған іс-шара әралуандықтағы көпмәдениеттілік пен үйлесім мәселелері бойынша пікірталастың жаңа кезеңі саналады.