Көктемнің алғашқы айы да тарихи оқиғаларымен тарих парағына соңғы күндерінің дерегін жазып қалдыруда. Биыл Оңтүстікке «ақ киімді денелі ақ сақалды, соқыр, мылқау танымас тірі жанды» қысыңыз қонаққа келмеді десе де болады. Осыны пайдаланған диқандар пленка астына егетін көшеттерін жерге сіңіріп үлгерді.
Азық-түлік, оның ішінде көкөніс, бау-бақша, ет өнімдері басқа өңірлерге қарағанда Оңтүстік Қазақстанда арзан. Мысал үшін айтайық, картоп деген дақыл биыл көтерме базарда 40-50 теңгеден сатылды. Республика бойынша жылыжайлардың 87 пайызы Оңтүстікке тиесілі болғандықтан қызанақ, қиярларыңыз да өзге облыстарға қарағанда бағасы төмен.
Ал сарышұнақ аяз, қалың қардан енді құтылып, есін жинаған өңірлерге көкөніс әбден керек. Осыны ескерген облыс әкімі Бейбіт Атамқұловтың бастамасымен Ақтөбе облысына 175 тонна азық-түлік жөнелтілді. Шымкенттегі халықаралық жолға тоғысатын жол аймағынан 76 тонна көкөніс, 32 тонна ет және 14 тонна картоп тиеген керуен сапарға аттанып кетті.
Олар Ақтөбеге жеткен соң ауылшаруашылық жәрмеңкесін ұйымдастырады. Оңтүстік Қазақстан облысы – аграрлы облыс. Өңірде 45 ет өңдейтін, 38 сүт фабрикалары, көкөніс және жеміс-жидектерді өңдейтін 35 кәсіпорын бар. Жоғарыда аталған өнімдерден бөлек, жәрмеңкеде сәбіз, пияз, балық және сүт өнімдері, жұмыртқа саудаланады. Керуенді аттандырған ауыл шаруашылығы басқармасы өкілдері бұл тауарлардың 15 пайыз жеңілдікпен сатылатындығын айтады.
Ертеде бір кейуана соғым сойғанда келініне «мынаны ұзын сары келгенде асарсың» деп жал-жая, қазы-қартадан бөлек сыбаға дайындатқан екен. Көктемнің ең ұзақ күндерін, жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін көкөзек шағын халқымыз «ұзын сары» деп атайды. Осы сөздің мәнін түсінбейтін келін қайдан білсін. Үйге ұзын сары кісі келгенде «енем айтқан қонақ осы екен» деп көктемге сақтағанын түгел қазанға салған екен.
Сол айтқандай, қыс құрсауынан енді шыққан ағайынға көкөністен бастап, бәрі керек. Бір-бірінің керегін біліп, маркетинг жасауды Елбасымыз өңір басшыларына талай рет айтқан. «Ұзын сарының» сыбағасын апара жатқан керуеннің бір мақсаты – осы.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан».
Оңтүстік Қазақстан облысы.

Премьер-министр Щучинск пен Семейдегі өрттен кейін қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 16:50
Валюта бағамы өзгерді: Доллар күрт арзандады
Қаржы • Бүгін, 16:48
Иран президенті көрші елдерге үндеу жасады
Әлем • Бүгін, 16:39
Робот Темірбекпен пен барыс Әділет жастарды жаңа Конституцияны қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 16:30
Таяу Шығыс елдерінен бүгінге дейін қанша азамат жеткізілді?
Оқиға • Бүгін, 16:12
Енді азаматтар зейнетақы активтерін интернет-платформа арқылы бақылай алады
Инвестиция • Бүгін, 16:02
Ақмарал Әлназарова мереке қарсаңында медицина қызметкерлерін марапаттады
Медицина • Бүгін, 15:57
Астанада заңсыз ет өнімдерін сатып келген жасырын цех анықталды
Қоғам • Бүгін, 15:45
Ақмола облысында жылына 60 млн дана кірпіш өндіретін зауыт іске қосылады
Аймақтар • Бүгін, 15:34
Таяу Шығыстағы шиеленіс: Air Astana рейстерді тоқтату мерзімін ұзартты
Оқиға • Бүгін, 15:15
Айыппұл арқалап жүрмеңіз: Алматы – Астана тасжолында жаңа камералар іске қосылды
Қоғам • Бүгін, 14:50
Таяу Шығыс елдерінен қазақстандықтардың кезекті легі елге аман-есен жеткізілді
Саясат • Бүгін, 14:40
Әлихан Бөкейханның туғанына – 160 жыл: Астанада Алаш ардақтыларына тағзым етілді
Тұлға • Бүгін, 14:30
Шымкенттегі 4 адамның өлімі: Мамандар қайғылы оқиғаның алдын ала себебін атады
Оқиға • Бүгін, 14:17