12 Қараша, 2010

Елбасы қабылдады

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі­нің депутаты Сәт Тоқпақбаевты қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Прези­дентінің баспасөз қызметі. С.Тоқпақбаев Президентке ағымдағы заң шығармашылық жұмыс туралы, атап айтқанда, биылғы жылдың тамыз айында қабылданған “Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы” Президенттің Жарлығына сәйкес 18 заң жобасымен жұмыс барысы жайлы баяндады. – Бұл заң жобаларының барлығы осы жылдың аяғына дейін қабылданатын болады, – деді журналистерге арналған брифингте Мәжіліс депутаты. * * * Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы Григорий Марченконы қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Прези­денті­нің баспасөз қызметі. Г.Марченко Президентке елдің қаржы сала­сындағы, атап айтқанда, валюта рыногының ағымдағы жағдайы туралы баяндады. – Жылдың басынан бері алмастыру бағамы өте тұрақты болды, сондықтан біз соңғы бір­неше айда ешқандай интервенция жасаған жоқ­пыз. Ұлттық Банктің алтын-валюта қоры­ның активтері өсті, Ұлттық қордың валюталық ак­тивтері қазіргі уақытта 30 миллиард дол­лар­дан асады, – деді Ұлттық Банк төрағасы. Сондай-ақ кездесу барысында Г.Марченко Мемлекет басшысына банкнот фабрикасында жаңа жоғары технологиялық өндіріс – бағалы қағаздар цехы іске қосылатынын мәлімдеді. * * * Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев “Сырбар” сыртқы барлау қызметінің директоры Аманжол Жанқұлиевті қабылдады, деп хабар­лады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. А.Жанқұлиев еліміздің Президентіне ве­дом­ствоның ағымдағы қызметі туралы баяндады.