07 Қыркүйек, 2010

Достық пейілдерін білдірді

428 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Өскемен қаласында бастал­ған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы­ның аймақаралық қарым-қатынас жө­ніндегі VІІ форумы кезінде Білім және ғылым министрлігі  Елбасының Достастық елдерінде интеграциялық үдерістерді дамыту туралы бастамасын қолдай отырып, Ресейдің өрттен зардап шеккен аймақ­тарының оқушыларына гуманитарлық көмек көрсетті. Бұл акцияға жоғары оқу орындары­ның, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының, республикалық мекеме­лер­дің, балалардың құқықтарын қорғау департаменттерінің ұжымдары, педа­гогтар мен студенттер белсене қатысты. Сөй­тіп, Қазақстанның педагогтары мен сту­дент­тері өздерінің көрші елге деген дос­тық пейілдері мен сезімдерін білдірді. Ресей оқушыларына жалпы құны 12 миллион теңгеден асатын мектепке арналған киімдер, сөмкелер, дәптерлер, бояулар, альбомдар және басқа да кеңсе керек-жарақтары жөнелтілді. “Егемен-ақпарат”.