03 Тамыз, 2010

Кеше...

390 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
...қалалық филиалда қоғамдық тыңдау өтті “Нұр Отан” халықтық-демо­кра­тиялық партиясы қалалық фи­лиалының ұйымдастыруымен “Жол картасы” – халық сенімі”  та­қы­рыбында қоғамдық тыңдау өт­ті. Онда Елбасының тапсырма­сы­мен қаржы дағдарысының алдын алу мақсатындағы “Жол картасы” бағдарламасы бойынша өткен жылы бөлінген 3 млрд. теңгеден астам қаржыны игеру нәтижесі қорытындыланды. Талдықорғанның көрікті кел­бетін сақтау және абаттандыру жұ­мыстары үздіксіз жалғасуда. Бағ­дарлама аясында ағымдағы жы­лы бюджеттен 1 млрд.95 млн. тең­ге бөлініп, тұрғын-үй комму­нал­дық шаруашылығы, жылумен қамту, канализация  желілерін, жол жөндеу, білім, денсаулық сақ­тау, спорт, мәдениет салалары бой­ынша 15 жоба қолға алынып, мердігерлер осы бағыттағы жұ­мыс­тарын ұқыпты жүргізіп келеді. Жобаны жүзеге асыруда мың­ға тарта адам жұмыспен қамты­лып, 103  адам қосымша маман­дық алу үшін қайта оқытылуда. Қоғамдық тыңдау барысында партиялық бақылау постарының жұмысы жоғары бағаланып, кей­бір мәселелерді әлі де тиянақтау қажеттігі атап көрсетілді. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы. ...ұйым төрағасы есеп берді Батыс Қазақстан облыстық ар­да­герлер ұйымының пленумы бо­лып, онда ұйым төрағасы Мақ­сот Батыров есеп берді. Жиын Ұлы Жеңістің 65 жыл­дығын мерекелеудің қорытынды­л­арына арналды. Облыстық ардагерлер кеңесі­нің төрағасы М.Батыровтың ай­ту­ынша, облыста 71832 зейнеткер бар, оның 666-сы Ұлы Отан соғы­сының ардагерлері, 240-ы соғыс мүгедегі. Ұлы Жеңістің 65 жыл­ды­ғына орай 240 пәтерлік жаңа үйден 89 соғыс ардагері мен олар­дың жесірлеріне пәтер берілді жә­не аудандардағы 24 соғыс ардагері жаңа үйге қоныстанды. Сондай-ақ, ауданда тұратын 48 ардагердің үйі жөнделіп, 41-інің үйіне кө­гіл­дір отын, 39-ына су кіргізілді. Төраға сондай-ақ Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлардың есімі көшелерге беріліп, ауқымды мерекелік шараға орай ардагер­лерге Үкімет тарапынан бар сый-сияпат жасалғанын атап өтті. Тағы бір жағымды жаңалық, облыс орталығы мен аудандарда алдағы жылы ардагерлер үйі ашы­латын болады. Бұл мәселе облыс әкімі тарапынан  толық қолдау тапқан. Темір ҚҰСАЙЫН, Батыс Қазақстан облысы. ...Жаңа жұлдыз ауылы мереке өткізді Облыстағы Железинка атала­тын ауданның ауылдары енді аттарын өз­гер­тіп, байырғы атау­ларына не­месе жаңа атауларға ие болуда. Но­вокузьминка деген аты­мен қош­тасқан сондай ауыл­дар­дың бірі Жаңа жұлдыз деп ата­лады. Айтса айтқандай, ауыл үшін жаңа өмір, жақсылық бастал­ғандай. Осы мерекені спорттық шара барысында атап өту үшін аудан­ның барлық ауылдық аумақтары­нан, көршілес Есқара, Екішоқы ауыл­дарынан келген спортшылар Жа­ңа жұлдыз ауылына жиналды. Осы жерде алау жағылып, аудан­дық XX спартакиада өтті. Алау жағу құрметіне ауданның атақты спортшысы Руслан Камал ие болды. Спортшылар ұлттық спорт ойындары – қазақша күрес, ау­дарыспақ, тоғызқұмалақпен қатар, волейбол, футбол, шахмат, жеңіл атлетика сияқты спорт түрлері бойынша сынға түсті. Фарида БЫҚАЙ, Павлодар облысы.