Германияның Амрум аралынан 1904 жылдың, Фриз аралдарынан 1906 жылдың таңбасы салынған екі бөтелке табылды. Associated Press агенттігінің хабарлауынша, олар биылғы жылдың сәуір айында белгілі болыпты.
«Интерфакс» порталының жазуынша, ғалымдар XX ғасырдың басында мың дана бөтелкені Солтүстік теңізге ағызып жіберген. Олар осылайша теңіз ағысының бағытын анықтап алмақшы болады. Ал шыны ішіндегі сәлемдемеде мұны тапқан адамнан оны Ұлыбритания теңіз биологиялық ассоциациясына өткізу өтінілген екен. Сонымен бірге, тапқан кісіге бір шиллинг көлемінде ақы төленетіні де айтылыпты.
«Біз қатты толқып тұрмыз. Себебі, бөтелкеден осындай сәлемдеме аламыз деп ойлаған жоқ едік», – деді осыған орай ассоциация өкілі Гай Бейкер. Ол бұған XX ғасырдың басында теңізге жіберілген бұл бөтелкелер партиясының басым бөлігі бұдан оншақты жыл бұрын жинап алынғанын қосты.
Ассоциация енді Гиннесс рекордтар кітабынан Амрум аралынан табылған бөтелкені ең көне осындай сәлемдеме ретінде тіркеуді өтініш еткелі отыр. Бұған дейінгі ең байырғы бөтелке 1914 жылы жіберіліп, 99 жылдан кейін табылған екен.
Мұрат АЙТҚОЖА.

Ұландықтар баланы ажалдан аман алып қалды
Қоғам • Бүгін, 21:46
Бекзат Алмаханның UFC-дегі қарсыласы анықталды
Спорт • Бүгін, 21:12
«Әділет» партиясын құруға ресми қадам жасалды
Саясат • Бүгін, 20:51
Президент «Ялла» ансамблінің көркемдік жетекшісі Фаррух Закировке құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 20:28
Бибісара Асаубаева көш басына шықты
Шахмат • Бүгін, 19:58
Ерлан Қошанов 155 елден келген әріптестеріне жаңа Конституция туралы айтып берді
Парламент • Бүгін, 19:36
45 қалада кәріз жүйесін салу және жаңарту жұмыстары жүргізіледі
Аймақтар • Бүгін, 19:10
Балуандарымыз Бішкектегі Азия чемпионатында жеті жүлде алды
Күрес • Бүгін, 18:58
Алаяқтықтың алдын алу: Ұстаздар арасында арнайы акция ұйымдастырылды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:42
Түйткілі көп газ мәселесі: Нысандарда қауіпсіздік ережелері неге сақталмайды?
Қоғам • Бүгін, 18:08
Цирфлық сервис: Депутат «тәуелсіз қызметкер» мәртебесін бекітуді ұсынды
Парламент • Бүгін, 18:02
Мемлекет басшысы Түркияға жұмыс сапарымен барады
Президент • Бүгін, 17:30
Еліміздің энергетикалық нысандарында ауқымды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр
Энергетика • Бүгін, 17:22
Сақ болыңыз: Алаяқтар медицина қызметкері ретінде хабарласа бастады
Қылмыс • Бүгін, 17:07