Қарағандылық полиция қызметкерлерінің басшылыққа жақсыатты болу үшін қандай қитұрқы әрекетке барғаны әшкере болды. Олар зейнеткер әйелдің сыртынан жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтті деп айыппұл салып жіберген. Соның салдарынан тәртіп сақшыларының қулығы іске аспай, өздері жұмыстарынан айырылғаны аздай-ақ түрмеге түсе жаздады.
Оқиға былай болған екен. Полиция қызметкері өзінің серігімен бірге кезекшілікте жүргенінде жерде жатқан бір дәптерді тауып алады. Онда қаланың оңтүстік-шығысындағы тұрғындардың тізімі бар болып шыққан. Полицейлер көп ойланып жатпастан тізімнің ішінен бір фамилияны таңдаған да, сыртынан 9600 теңге айыппұлды құжаттап жіберген.
Айыппұлдың түбіртегі үйіне келгенде Мария Шараповна (аты-жөні өзгертілген) шалқасынан түсе жаздапты. Өйткені, ол заңды құрметтейтін, жүріс-тұрысы түзу адам екен.
Содан Мария Шараповна екі өкпесін қолына алып, полиция басшыларына барады. Жағдайды тәптіштеп түсіндіреді. Міне, осыдан кейін барып, полиция қызметкерлерінің жұмыс тиімділігін арттыру үшін осындай аяр қадамға барғаны белгілі болған.
Зейнеткер моральдық және материалдық өтемақыдан бас тартты. Ал сот болса, бұрынғы полиция қызметкерлеріне ірі көлемде айыппұл салды. Біріншісі мемлекет қазынасына 2 млн. 222 мың теңге төлесе, екіншісі 1 млн. 822 мың теңгені санап беретін болды.
Қайрат ӘБІЛДИНОВ,
«Егемен Қазақстан».
ҚАРАҒАНДЫ.

Ұландықтар баланы ажалдан аман алып қалды
Қоғам • Бүгін, 21:46
Бекзат Алмаханның UFC-дегі қарсыласы анықталды
Спорт • Бүгін, 21:12
«Әділет» партиясын құруға ресми қадам жасалды
Саясат • Бүгін, 20:51
Президент «Ялла» ансамблінің көркемдік жетекшісі Фаррух Закировке құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 20:28
Бибісара Асаубаева көш басына шықты
Шахмат • Бүгін, 19:58
Ерлан Қошанов 155 елден келген әріптестеріне жаңа Конституция туралы айтып берді
Парламент • Бүгін, 19:36
45 қалада кәріз жүйесін салу және жаңарту жұмыстары жүргізіледі
Аймақтар • Бүгін, 19:10
Балуандарымыз Бішкектегі Азия чемпионатында жеті жүлде алды
Күрес • Бүгін, 18:58
Алаяқтықтың алдын алу: Ұстаздар арасында арнайы акция ұйымдастырылды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:42
Түйткілі көп газ мәселесі: Нысандарда қауіпсіздік ережелері неге сақталмайды?
Қоғам • Бүгін, 18:08
Цирфлық сервис: Депутат «тәуелсіз қызметкер» мәртебесін бекітуді ұсынды
Парламент • Бүгін, 18:02
Мемлекет басшысы Түркияға жұмыс сапарымен барады
Президент • Бүгін, 17:30
Еліміздің энергетикалық нысандарында ауқымды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр
Энергетика • Бүгін, 17:22
Сақ болыңыз: Алаяқтар медицина қызметкері ретінде хабарласа бастады
Қылмыс • Бүгін, 17:07