АСТАНА. 6 шілде. Өткен түнде Канадада футболдан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Финалда АҚШ пен Жапония құрамалары кездесіп, америкалықтар 5:2 есебімен жеңіске жетті. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Шешуші ойында АҚШ-тың басымдығы анық байқалды. Тіпті кездесудің 16-минутында Солтүстік Америка құрлығының өкілдері 4:0 есебімен алда тұрды. Бұл төрт голдың үшеуі К.Ллойд есімді футболшының еншісіне жазылды. Үзіліске дейін жапондар бір голмен қарымта қайтара алды. Ал екінші таймда қарсыластар бір-бірден гол соқты. Нәтижесінде, АҚШ құрамасы ірі есеппен жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанды. Осымен аталған құрама үшінші рет әлемдік мундиальда топ жарып отыр.
Канададағы додада үшінші орын Англия құрамасына бұйырды. Аталген ел қола жүлде үшін болған ойында Германияны 1:0 есебімен жеңді. Осы ретте жеңіс голы қосымша таймда пенальтиден соғылғанын айта кетейік.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: fifa.com.

Күшті үйлестіру – озық тәжірибе
Аймақтар • Кеше
Ұландықтар баланы ажалдан аман алып қалды
Қоғам • Кеше
Бекзат Алмаханның UFC-дегі қарсыласы анықталды
Спорт • Кеше
«Әділет» партиясын құруға ресми қадам жасалды
Саясат • Кеше
Бибісара Асаубаева көш басына шықты
Шахмат • Кеше
45 қалада кәріз жүйесін салу және жаңарту жұмыстары жүргізіледі
Аймақтар • Кеше
Алаяқтықтың алдын алу: Ұстаздар арасында арнайы акция ұйымдастырылды
Заң мен Тәртіп • Кеше