18 Қазан, 2015

Қостанайда мемлекеттік қызмет бағытында семинар өтті (фото)

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
19-10-2015-Kostanai 3ҚОСТАНАЙ. 18 қазан. Қостанайда мемлекеттік қызметті реформалау жөнінде семинар өтті. Оған Ақтөбе, Ақмола және Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облысының өкілдері мен Қазақстанда мемлекеттік қызметтің жаңа үлгісінің жобасын жасаған Еуроодақ сарапшылары қатысты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Жоба 2011 жылы қабылданған мемлекеттік қызмет тұжырымдамасының жаңа үлгісі аясында жүзеге асырылады, оны Еуроодақ қаржыландырады, 2012 жылы басталып, 2016 жылы аяқталады. Семинарда  Еуроодақ жасаған «Мемлекеттік қызметті реформалау және жаңғырту» жобасының негізгі сарапшысы, Максимилиан Федингер мемлекетітк қызметті реформалаудың халықаралық тәжірибесісмен таныстырды. Еуропа елдерінде жүргізіліп жатқан жұмыстардың ұстанымы – заңның үстемдік құруы болып табылады, заң үстемдік құрғанда ашықтық, есептілік, мөлдірлік және нәтижелілікпен тиімділік болады. Еуроодақ жобасының негізгі сарапшысы Максимилиан Федингер: «Бұл ұстанымдар кез келген елдегі мемлекеттік қызметтің негізі боып табылады. Алайда, өзге елдің тәжірибесін сол күйінше көшіріп алу үлкен қателік болады. Әр елдің өзінің шынайы мазмұны көмескіленбеуі тиіс», – деді. Шетелдік сарапшы сыбайлас жемқорлыққа ыңғайланғыш екі секторды айырықша айтты. Бірі мемлекеттік сатып алу, екіншісі қызметшілерді қызметке алу, лауазымын өсіру болып табылады. Қызметке алуда, длауазымын өсіргенде мөлдірлік сақталса сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға болатынын айтты сарапшы. Федингер кәсіби әкімшілікті саясаттан аулақтау және мемлекеттік қызметте тек кәсіби жетістігіне қарап жоғары өсіру керектігін де сыбайлас жемқорлықтың алдын алу ұстанымдарына қосты. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: egemen.kz. 19-10-2015-Kostanai 2 19-10-2015-Kostanai 1