Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьялары мен сот жүйесі қызметкерлерінің арасында мемлекеттік тілден байқау болып өтті
Тіл дамыған жерде кез келген салада алға басушылық айқын байқалып, адамдарды алға жетелеп тұратыны белгілі. Ал тілдің өркендеуі ұжымдар мен мекемелердегі басшылардың біліктілігіне, мемлекеттік тілді құрметтеуі мен сыйлауына байланысты екені белгілі.
– Біздің елде тіл неге дамымай келеді? Ол, ең алдымен міндеттеу, құрметтеу, бұл қағиданы дұрыс бағаламауға байланысты алға жылжымай келеді. Екіншіден, тілді насихаттау әлі күнге өз деңгейінде емес. Оның үстіне халық қалаулылары бұл бағытта заңнамаларды дұрыс қабылдамай отыр. Сондықтан да, ол босаң, солқылдақ, – дейді Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Мұхаметжан Пақірдінов.
– Шығыс Қазақстан облысында 36 мекеме болса, оларда 250 судья бар. Бұл Қарағанды облысынан кейінгі екінші көрсеткіш. Қарағандыда осы саланы басқарған кезімде мемлекеттік тілді меңгеруге көңіл бөлініп қана қоймай, заң актілерін, терминдерін игеруге де назар аударылды. Кенді Алтайда да мұндай байқаулар өтіп тұрады екен. Демек, тілді еркін меңгеру басты назарда, сол үшін судьялар арасында тіл байқауларын өткізуді дәстүрге айналдырдық, – дейді Мұхаметжан Ахмедияұлы.
Жақында Шығыс Қазақстан облыстық сотының жаңа мекемесінде “Өссе тілім, мен де бірге өсемін” атты тіл байқауы болып өтті. Оған облыстық қалалық және аудандық соттардың судьялары мен мамандарынан жасақталған 26 команда қатысты. Байқау басталмас бұрын облыстық сотта қызмет ететін сот мамандары “Қара жорға” биін мың бұрала билеп берді.
Тіл мерекесі қызықты да тартысты өтті. Оған облыстық соттың төрағасы Мұхаметжан Пақірдінов жетекшілік етсе, облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастығы Манарбек Мұхаметжанов қазылар алқасының тәуелсіз төрешісі ретінде қатысты. “Әсерлі таныстыру”, “Ең үздік сот актісі”, “Ең үздік көрініс”, “Үздік аударма”, “Нағыз қазақи топ” және “Нағыз ұлтжанды сот мамандары” деген тақырыптар бойынша өткен байқау жиналғандарды өзіне баурап алды. Байқау төрт турдан тұрды. Бірінші турдың қағидасы бойынша қатысушылар өздері атқаратын жұмыстардың ерекшеліктері, міндеттері жайлы кеңінен әңгімелеп беруі тиіс еді. Ал екінші турда қазақ халқының салт-дәстүрі, билері мен шешендік сөздері, мақал-мәтелдері қамтылған болатын.
Сонымен байқау қорытындысында №2-ші қалалық сотының (құрамында Б. Қайсина, Н. Сағидолдина) командасы бас жүлдені жеңіп алды. Ал бірінші орынға Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты ие (С. Қабидолдина, А. Естай) болды. Жүлделі екінші, үшінші орындарды Шығыс Қазақстан облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер соты, №2-ші Көкпекті аудандық соты иеленді. “Нағыз ұлтжанды”, “Үздік сот актілері” аталымдарын Тарбағатай аудандық соты мен Шығыс Қазақстан облыстық сотының командалары иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Сөйтіп, “Өссе тілім, мен де бірге өсемін” байқауының бастамашысы, қазылар алқасының төрағасы, тіл жанашыры Мұхаметжан Пақірдінов жеңімпаз командалар мен жекелеген азаматтарды ақшалай сыйлықтармен, грамоталармен марапаттады. Жақында М. Пақірдінов ақпарат құралдары өкілдерін қабылдап, емен-жарқын әңгімелесіп, олардың сауалдарына жауап қайтарды. Алдағы уақытта да мұндай кездесулердің халық үшін тиімді болатынын тілге тиек етіп, құқық қорғау саласы қызметкерлерін насихаттап жүрген бір топ журналистерді марапаттады.
Оңдасын ЕЛУБАЙ.
Шығыс Қазақстан облысы.

Азық-түлік шығыны қай өңірде ең жоғары?
Қоғам • Бүгін, 13:38
Мемлекет басшысы сумошы Ерсін Балтағұлды қабылдады
Президент • Бүгін, 13:13
Жамбыл облысының жұртшылығы Жаңа Конституциялық жобаға қолдау білдірді
Референдум • Бүгін, 13:03
2027 жылы Астанада «Тельман» газ жылу стансасы іске қосылады
Үкімет • Бүгін, 13:01
Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
Сталкинг: Қызылордада бойжеткенді аңдыған азамат 25 тәулікке қамалды
Аймақтар • Бүгін, 12:47
Қысқы Олимпиада: Сарапшы кімдерді жүлдеге лайық деп санайды?
Қысқы спорт • Бүгін, 12:34
Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімде сарбаз соққыға жығылды: Қылмыстық іс қозғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:17
ҚазҰУ мен Сингапур технологиялық альянс құрды
Университет • Бүгін, 12:09
Шайдоров әлемдік БАҚ назарында
Олимпиада • Бүгін, 12:06
АҚШ елшісі: Дипломаттардың қазақ тілін үйренуге қызығушылығы артып келеді
Саясат • Бүгін, 11:56
Қарағандыда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады: Зардап шеккендер бар
Төтенше жағдай • Бүгін, 11:47
Президент тапсырмасы: 4 жас ғалым баспаналы болды
Ғылым • Бүгін, 11:45
Қызылордада жүргізуші куәлігінен айырылған 15 азамат қайтадан жол ережесін бұзды
Аймақтар • Бүгін, 11:40
Катонқарағай паркіне қуатты өрт сөндіру техникалары жеткізілді
Аймақтар • Бүгін, 11:36