Алматыда “Сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары бойынша 1999 жылғы Вена келіссөздер құжаты” аясындағы қару-жарақты бақылау бойынша кезекті аймақтық курс өз жұмысын аяқтады. ҚР Қорғаныс министрлігі жанындағы қару-жарақты қысқартуды бақылау және инспекция қызметін қамтамасыз ету орталығы мен Астанадағы ЕҚЫҰ орталығы, Орталық Азия мен Кавказ мемлекеттеріндегі ЕҚЫҰ орталықтары мен миссиялары, Венадағы ЕҚЫҰ хатшылығы бірлесіп ұйымдастырған курс жұмысында бірқатар маңызды мәселелер қамтылды.
Курс жұмысына ҚР Қорғаныс министрлігі жетекшілер құрамының өкілі, генерал-майор Бақтияр Сыздықов, Астанадағы ЕҚЫҰ орталығы басшысының орынбасары Жаннет Клетцер, ЕҚЫҰ-ның Венадағы хатшылығының өкілі Лора Фурухолм және Түркіменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Армения, Беларусь, Ұлыбритания мен Франция верификациялық орталықтарының әскери-дипломатиялық өкілдері қатысты. Сонымен, үш күнге созылған курс жұмысында ЕҚЫҰ байланыс торабы бойынша хабарландырулар форматымен алмасуға қатысты Вена құжатының ережелерін орындау, құжатқа қатысушы мемлекеттердің өзара инспекциялық қызметін қамтамасыз ету сияқты ЕҚЫҰ әскери-саяси өлшемі тақырыбына қатысты лекциялар топтамасы оқылды.
Курсқа қатысушылар ЕҚЫҰ кеңістігінде сенім мен қауіпсіздік іс-шараларын қолдануды жетілдіру бойынша өзара пікір алмасты. Сондай-ақ курс жұмысы аяқталғаннан кейін Қарулы Күштер бөлімдерінің бірінде оқу-жаттығу инспекциясы да жүргізілді. Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төрағалығына орай ҚР Қорғаныс министрлігі сенімділік шараларын және аймақтық қауіпсіздікті нығайту бойынша бірқатар іс-шараларды жүзеге асырды. Сонымен бірге қару-жарақты бақылау саласында семинарлар мен курстық сабақтар да өткізілді.
ҚР Қорғаныс министрлігі жетекшілер құрамының өкілі, генерал-майор Бақтияр Сыздықовтың айтуынша, курс жұмысының ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің жақында ғана Алматыда өткен бейресми кездесуінен кейін ұйымдастырылуының маңыздылығы зор.
– Көпшілікке белгілі, Қазақстан мемлекеті әрдайым және үнемі халықаралық терроризмге, діни экстремизмге, есірткі саудасы мен өзге де бүгінгі таңдағы алуан түрлі қауіп-қатерлерге қарсы бағытталған халықаралық өзара қарым-қатынастың белсенді қатысушысы болып келеді. Бүгінгі таңда бүкіл әлемде тұрақты және бейбіт дамудың ең маңызды шарттарының бірі – сенім мен қауіпсіздікті нығайту, қару-жараққа бақылау режімін сақтау болып табылады. Ал Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға биылғы жылғы төрағалығындағы басты мақсаты – оңды тәжірибелермен алмаса отырып, тиімді, ықпалды шешімдерді іздестіру екендігі сөзсіз. Бұл орайда, ықыласты үнқатысудың мысалы ретінде ЕҚЫҰ кеңістігінде қауіпсіздік пен сенімді нығайтудың маңызды құралдарының бірі болып саналатын Вена құжатын жаңартудың қажеттігі туралы консенсустық шешімді атап айтуға болады,– дейді генерал-майор Бақтияр Сыздықов өз ойын ортаға салып.
Шын мәнісінде де, әскерилер пікірінше Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы жылындағы осындай жоғары деңгейдегі аймақтық оқу курсы өткізілуінің мәні мен маңызы айрықша екендігі айтпаса да түсінікті. Кезекті оқу курсының ұйымдастырылуы тек Орталық Азия мен Кавказ аймағында ғана емес, сонымен қатар ЕҚЫҰ кеңістігінде тұтастай алғанда аймақтық сенім мен қауіпсіздікті нығайтуға өз үлесін қосатынына сенім мол. Көпшілік тұжырымы осы.
Бақыт БАЛҒАРИНА.
Алматы.
• 27 Шілде, 2010
Вена келіссөздер құжаты қауіпсіздік пен сенімді нығайтпақ

Азық-түлік шығыны қай өңірде ең жоғары?
Қоғам • Бүгін, 13:38
Мемлекет басшысы сумошы Ерсін Балтағұлды қабылдады
Президент • Бүгін, 13:13
Жамбыл облысының жұртшылығы Жаңа Конституциялық жобаға қолдау білдірді
Референдум • Бүгін, 13:03
2027 жылы Астанада «Тельман» газ жылу стансасы іске қосылады
Үкімет • Бүгін, 13:01
Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
Сталкинг: Қызылордада бойжеткенді аңдыған азамат 25 тәулікке қамалды
Аймақтар • Бүгін, 12:47
Қысқы Олимпиада: Сарапшы кімдерді жүлдеге лайық деп санайды?
Қысқы спорт • Бүгін, 12:34
Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімде сарбаз соққыға жығылды: Қылмыстық іс қозғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:17
ҚазҰУ мен Сингапур технологиялық альянс құрды
Университет • Бүгін, 12:09
Шайдоров әлемдік БАҚ назарында
Олимпиада • Бүгін, 12:06
АҚШ елшісі: Дипломаттардың қазақ тілін үйренуге қызығушылығы артып келеді
Саясат • Бүгін, 11:56
Қарағандыда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады: Зардап шеккендер бар
Төтенше жағдай • Бүгін, 11:47
Президент тапсырмасы: 4 жас ғалым баспаналы болды
Ғылым • Бүгін, 11:45
Қызылордада жүргізуші куәлігінен айырылған 15 азамат қайтадан жол ережесін бұзды
Аймақтар • Бүгін, 11:40
Катонқарағай паркіне қуатты өрт сөндіру техникалары жеткізілді
Аймақтар • Бүгін, 11:36