Баршаға мәлім, бүгінде жаңа экономикалық саясат бойынша мемлекетіміз теңгенің еркін бағамына көшіп отыр. Бұған себеп әлемдік нарықтағы жағдайдың күрт өзгеруі екені белгілі. Бұл – әлемдік құбылыс. Ұлттық банктің Жамбыл облыстық филиалының директоры Айдайбек ХАЛЫМБЕТОВ осы туралы әңгімелейді.
– Еліміз әлемдік экономикамен кіріктірілген байланыста болғаннан кейін осындай жолмен жүруімізге тура келеді.
Бұрын мемлекеттің орталық банкі ретінде Ұлттық банк бағамды реттеп отыратын. Ендігі жерде теңге еркін айналымға жіберілгеннен кейін тек мемлекеттің, халықтың мүддесін қорғау қажет болған күрделі жағдайларда ғана болмаса, Ұлттық банк бұл іске араласпайды. Теңгеге, басқа да валюталарға бағамдар ұсыныс пен сұраныстың негізінде құралады. Валюталық биржада қажетті валюталарға сатып алу бағамдары соған сай қалыптасатын болады.
Жалпы, теңгені еркін айналымға жіберуден тек қана бағам жоғары болады, өседі деген сөз емес. Баға төмен де болуы мүмкін. Бәрі де экономикалық құбылыстарға, сұраныс пен ұсынысқа байланысты болады. Нағыз нарықтық экономиканың ең негізгі заңы бұл. Дегенмен, доллар бағамы тұрақтанғанда бұдан аз-кем төмендеу болады деген ойдамыз. Бәрін де уақыт көрсетеді.
– Елбасымыз экономикалық мәселелердің оң шешілуін тұрақты назарда ұстап отыр. Әрине, мұның бәрі сарапшылар мен мамандар тарапынан әбден пысықталып, ойластырылып барып қабылданған іс екені де белгілі. Бұл жағдайдың салдары қандай болмақ?
– Әлбетте, шетелден әкелінген тауарлардың бағасы өсуі мүмкін. Бірақ, оған еш негіз жоқ. Сауда орындарындағы тауарлар бұрынғы бағамен сатылып алынып қойылған. Азық-түлік тауарларының жеткілікті қоры бар бізде. Ал тауарлардың теңгемен сатылып алынғандарының бағасы тұрақты болуға тиіс. Ендігі жерде жергілікті атқарушы билік органдары, Ұлттық банк және екінші деңгейдегі банктер тарапынан сауда орындарында бағаны, инфляцияны өсірмеу бағытында біраз түсіндіру жұмыстары жүргізілуі қажет етіледі.
Сонымен қатар, Елбасымыздың халықтың айырбас бағамының өзгеруінен шеккен шығынын азайту мақсатында Ұлттық банкке берген тапсырмасына сәйкес, қазіргі уақытта Ұлттық банк тарапынан 2015 жылғы 18 тамыздағы жағдай бойынша теңгемен ашылған және есепшоттарында 1 миллион теңгеге дейінгі қалдық сомасы бар шұғыл депозиттері үшін өтемақы төлеу тетігін енгізу мәселесі қарастырылуда.
– Жалпы, инфляциямен, құнсызданумен күресудің қандай жолдары бар?
– Екі жолы бар. Оның бірі – «монетарлық», екіншісі – «монетарлық емес» деп аталады. Монетарлық бағыт – Ұлттық банк құзыретіндегі мәселелерді қамтиды. Монетарлық емес бағыттағы жұмыс, бұл – жергілікті билік өкілдерінің нарықты тұрғындар үшін ең қажетті, тапшы тауарлармен толықтырып, олардың үзбей жеткізілуін қадағалап отыруы. Тауарлардың бағалары қатаң бақылауда ұсталынуда. Тауарлар бағасының өсірілуі негізді ме, негізсіз бе – оны түрлі комиссиялар ұдайы қадағалайтын болады. Елбасымыз да, Үкіметіміз де бұл мәселені басты назарда ұстап отыр. Халықтың қобалжуына еш негіз жоқ.
Бүгінде банк саласында бұрын-соңды болмаған жағдай, тұрғындардың доллар бағамы өскен сайын қолдағы шетел валюталарын жоғары бағамен өткізуі байқалып отыр. Валюталарды сатып алу онша көп емес, есесіне оларды жоғары бағамен өткеру басым. Бұл қазіргі таңдағы дұрыс құбылыс деп ойлаймыз. Жалпы, банктер, айырбас пункттері шетел валюталарының түр-түрімен толықтай жеткілікті қамтамасыз етілген. Бұл мәселеге байланысты ешқандай дүрбелең тудыруға негіз жоқ. Ал бұл орайда нақты жағдаймен қабыспайтын бос әңгімелер таратушылар үшін қолданылар жаза бар екені баршаға мәлім шығар деген ойдамыз.
Қазірдің өзінде жергілікті атқарушы органдар өздеріне тиісті жұмыстарын мүлтіксіз атқаруда. Дүкендерде тауарлар әр уақытта да жеткілікті, үзілмейді, тиісті қорлары бар, халықтың ең қажетті, негізгі тұтынатын тауарлары бойынша сатып алулар да талапқа сай жүзеге асырылып жатыр.
Әңгімелескен
Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан».
Жамбыл облысы.

Көлсайдағы оқыс оқиға: Туристік микроавтобус беткейден құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 18:01
Алматыда ғимаратқа қан-жоса болып кірген ер адам қызметкерлердің зәресін алды
Оқиға • Бүгін, 17:31
Украиналық дрондар Екатеринбург пен Челябинскіге шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 17:00
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Бүгін, 16:41
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:04
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:52
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Бүгін, 15:38
Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді
Оқиға • Бүгін, 15:25
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысқан азаматтарды марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Мемлекет басшысы: Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды
Президент • Бүгін, 14:20
Президент: Тазалық ұғымы ұлтымыздың болмыс-бітіміне тән асыл қасиетке айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00
Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады
Президент • Бүгін, 13:22