ҚЫЗЫЛОРДА. 19 мамыр. Сыр топырағында туып, өнерімен Қазақстанды ғана емес алыс-жақын шетелді мойындатқан хас талант, танымал әнші, дарынды композитор Батырхан Шөкеновті жерлестері еске алды. Бұл туралы egemen.kz сайты хабарлайды.
Орталық алаңда өткен шараға оның тыңдармандары мен өмірдегі және өнердегі достары, бауырлары, анасы келді. Шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысып, талантты әншіні еске алды.
«Сыр бойының талантты ұлы, өнер тарланы Батырхан Шөкеновтің қазасы барша қазақ елінің қабырғасын қайыстырды. Батырханды үлкен де, кіші де қадір тұтты, жас та, жасамыс та әндерін жатқа айтты. Ол елден жырақта жүрсе де әрқашан өз Отанының нағыз патриоты болды. Батыр xалықаралық ЮНИСЕФ балалардың құқығын қорғау қорында да өзінің азаматтығын көрсете алды. Соңында өшпес із қалдырған Батырxан Шөкеновті xалқы ұмыт қалдырған жоқ. Еліміздің барлық аймақтарында еске алу шаралары ұйымдастырылып, әндері шырқалуда. Шөкеновтің шығармаларына сусындап өскен мыңдаған адам әлеуметтік желілерде жылы лебіздерін білдіріп жатыр. Батыр бауырымыздың есімі қазақ өнерінің тариxында алтын әріптермен мәңгі жазылып қала бермек», – деді облыс әкімі.
Еске алу рәсімінде марқұмның белгілі әндері шырқалды. Батырхан Шөкеновтың достары ол туралы жылы естеліктер айтты. Талантты әншінің өмірі мен өнеріне арналған «Сағым дүние» деректі фильм көрсетіліп, өмірінің соңғы уақытында қатысқан Ресей телеарналарындағы «Один в один» жобасынан үзінділер көрсетілді. Қазақтың сүйікті де тума талантты әнші ұлын еске алуға жиналғандар оның әндерін шырқап, әуеге шар ұшырды.
Ержан Байтілес.
Дерек, сурет: egemen.kz.

Украиналық дрондар Екатеринбург пен Челябинскіге шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 17:00
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Бүгін, 16:41
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:04
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:52
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Бүгін, 15:38
Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді
Оқиға • Бүгін, 15:25
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысқан азаматтарды марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Мемлекет басшысы: Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды
Президент • Бүгін, 14:20
Президент: Тазалық ұғымы ұлтымыздың болмыс-бітіміне тән асыл қасиетке айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00
Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады
Президент • Бүгін, 13:22
Орал базарларында картоп бағасы бірден 85 теңгеге арзандады
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Қасым-Жомарт Тоқаев «Самал» саябағында ағаш отырғызды
Президент • Бүгін, 12:40