24 Тамыз, 2015

Бүгін Астанада дзюдодан әлем чемпионаты басталады

423 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
24-08-2015-judo 01АСТАНА. 24 тамыз. Бүгін Астанада дзюдодан әлем чемпионаты басталады. 30 тамызға дейін жалғасатын жарыста 137 мемлекеттен келген 823 атлет бақ сынайды. Олардың 495-і ерлер болса, 328-і әйелдер. Бұл туралы Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады. Әлемдік дода «Алау» мұз айдынында өткізіледі. Чемпионаттың трансляциясы 150 мемлекетке тарайды. Елімізде палуандардың белдесулері KazSport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Сайыстың ұйымдастырушылары Халықаралық дзюдо федерациясы, Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы. Ал басты демеушілер «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ мен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ. Осы сында ел намысын мына дзюдошылар қорғайды: Ерлер Елдос Сметов (60 кг.) Рустам Ыбраев (60 кг.) Айбек Имашев (66 кг.) (командалық жарыс) Азамат Мұқанов (66 кг.) Елдос Жұмақанов (66 кг.) Жансай Смағұлов (73 кг.) (командалық жарыс) Ғабит Есімбетов (66 кг.) (командалық жарыс) Дастан Ықыбаев (73 кг.) Ринат Ибрагимов (81 кг.) (командалық жарыс) Әзиз Қалқаманұлы (81 кг.) Самат Есен (90 кг.) (командалық жарыс) Ислам Бозбаев (90 кг.) Максим Раков (100 кг.) Ержан Шынкеев (+100 кг.). Әйелдер Александра Подрядова (48 кг.) Отгонцецег Галдбарах (48 кг.) Ленария МИНГАЗОВА (52 келі) Олеся Куценко (52 кг.) Назгүл Құбашева (57 кг. (командалық жарыс) Мариан Урдабаева (63 кг.) Ділбар Өмірәлиева (70 кг.) Жанар Қашкын (70 кг.) Альбина Амангелдиева (78 кг.) Гүлжан Исанова (+78 кг.) Зарина Абдурасулова (+78 кг.) (командалық жарыс). Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: worldjudo2015.kz.