23 Тамыз, 2015

Қазақстан премьер-лигасы. «Ақтөбе» «Астананы» қуып жетті

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
23-08-2015-KPL 02АСТАНА. 23 тамыз. Бүгін футболдан Қазақстан премьер-лигасының 24-туры шеңберінде төрт ойын ойналды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Орталық кездесу Ақтөбеде жергілікті «Ақтөбе» мен Шымкенттің «Ордабасы» командалары арасында өтті. Екі клубтың бірінші алтылық сапында жүлдеге таласып жатқаны белгілі. Сондықтан матч аса тартысты болды. Әсіресе, алаң иелері жеңіс үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Нәтижесінде 1:0 есебімен басым түсіп, кезекті үш ұпайды қоржынға салды. Ойындағы жалғыз голды 52-минутта Чиприян Дяк пенальтиден соқты. Бұл команда қатарына жақында ғана қосылған румынның Қазақстан премьер-лигасындағы алғашқы голы екенін айта кетейік. Бірінші алтылықтағы «Қайрат» пен «Ертіс» арасында ойын ертең ойналады. Ал «Астана» – «Атырау» матчы кейінге қалдырылды. Бұл өзгерістер «Қайрат» пен «Астананың» еурокубоктық турнирлерге қатысуына байланысты болып отыр. «Оқжетпес» (Көкшетау) – «Қайсар» (Қызылорда) 2:1 (1:1) Голдар: Дмитрий Сычев 22, Лука Роткович 82 – Жасұлан Молдақараев 15. «Жетісу» (Талдықорған) – «Тараз» (Тараз) 1:0 (0:0) Гол: Душан Савич 67. «Тобыл» (Қостанай) – «Шахтер» (Қарағанды) 2:1 (0:1). Голдар: Томаш Шимкович 47, 63 – Пламен Димов 23. «Ақтөбе» (Ақтөбе) – «Ордабасы» (Шымкент) 1:0 (0:0) Гол: Чиприян Дяк 52, пенальти. 23 тамыздағы ойындардың нәтижесі бойынша турнир кестесі 23-08-2015-kpl 001   Үздік мергендер:
  1. Жерар Гоу («Қайрат») – 18 гол;
  2. Лука Роткович («Оқжетпес») – 11 гол;
  3. Душан Савич («Жетісу») – 9 гол.
Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: shahter.kz.