23 Тамыз, 2015

Футбол. АПОЕЛ – «Астана» ойыны үлкен экрандардан көрсетіледі

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
23-08-2015-FC Astana 01АСТАНА. 23 тамыз. 26 тамызда УЕФА Чемпиондар лигасы іріктеу турнирінің плей-офф бәсекесінде «Астана» Кипрдің АПОЕЛ командасымен қарымта кездесу өткізеді. Ойынды Қазақстан аумағында «Таң» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Сондай-ақ, Астанадағы «Қазмедиа» орталығының үлкен экрандары арқылы бұқаралық онлайн-көрсетілім ұйымдастырылады. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады. Қос команда арасындағы алғашқы ойын «Астананың» жеңісімен аяқталған болатын. Өз алаңында 1:0 есебімен басым түскен елордалықтарға турнирдің топтық сайысына шығу үшін Кипрде тең ойнаса да жеткілікті. Ойын 26 тамызда сағат 00:45-те басталады. Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: astana.gov.kz.