АСТАНА. 22 тамыз. Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визермен кездесті. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Кездесу барысында Қазақстанның халықаралық дзюдо федерациясымен арадағы өзара іс-қимылының өзекті мәселелері және спорттың осы түрін республикамызда дамыту перспективалары талқыланды.
Мемлекеттік хатшы келесі әлем чемпионатын өткізуші ел ретінде Қазақстанға таңдау жасағаны үшін федерацияғаа ризашылығын білдірді. Чемпионат 2015 жылғы 24-30 тамыз аралығында Астанада өтетін болады.
Г.Әбдіқалықова Мемлекет басшысының дене тәрбиесіне, бұқаралық спортқа және жоғары жетістіктерге жеткізетін спорт түрлеріне айрықша мән беретінін атап өтті. Бүгінде Қазақстанда халықаралық талаптарға сай спорттық нысандар бой көтеріп, әлемдік деңгейдегі спорт шаралары өткізілуде.
Дзюдо республикадағы ең танымал спорт түрінің бірі болып саналады, онымен 80 мыңнан астам қазақстандық тұрақты айналысады. Спортшылардың шеберлігін жетілдіру мақсатында барлық қажетті жағдай жасалған. Мәселен, бүгінде Қазақстанда елдің құрама командалары жаттығу шараларын өткізетін, спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы аккредиттеген 15 спорттық база бар.
Тәуелсіздік жылдары дзюдошыларымыз олимпиада ойындарында 1 күміс медаль, әлем чемпионаттарында 1 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль, Азия ойындарында 1 алтын, 10 күміс және 21 қола, Азия чемпионаттарында 4 алтын, 6 күміс және 30 қола медаль иеленді.
Алдағы әлем чемпионатында Қазақстан спортшылары жеңіс тұғырының жоғары орындарын иелену үшін сайысқа түсетін болады.
Әлемдік біріншілікке дүние жүзінің 140 елінен 900-ден астам спортшы қатысады және ерлер мен әйелдер арасында 7 салмақ дәрежесі бойынша 14 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Айдар Өрісбаев.
Дерек, сурет: akorda.kz.
• 22 Тамыз, 2015
Мемлекеттік хатшы халықаралық дзюдо федерациясы президентімен кездесті

Көлсайдағы оқыс оқиға: Туристік микроавтобус беткейден құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 18:01
Алматыда ғимаратқа қан-жоса болып кірген ер адам қызметкерлердің зәресін алды
Оқиға • Бүгін, 17:31
Украиналық дрондар Екатеринбург пен Челябинскіге шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 17:00
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Бүгін, 16:41
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:04
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:52
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Бүгін, 15:38
Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді
Оқиға • Бүгін, 15:25
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысқан азаматтарды марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Мемлекет басшысы: Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды
Президент • Бүгін, 14:20
Президент: Тазалық ұғымы ұлтымыздың болмыс-бітіміне тән асыл қасиетке айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00
Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады
Президент • Бүгін, 13:22