Кеше Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Алматыда болды.
Мұнда Вице-премьер мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуымен, жаңа оқу маусымына дайындығымен танысып, Алматының қысқы Универсиада-2017-ге әзірлік барысын көрді. Сондай-ақ, Азиада нысандарын пайдаланудың тиімділігін тексерді. Атап айтқанда, ол «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндері кешенін қарап шығып, Универсиада нысандарын – Мұз ареналарын, сондай-ақ 5 мың спортшыны қабылдауға арналған Атлеттер ауылын аралады. Сонымен бірге, Бердібек Сапарбаев республикалық және қалалық қан орталықтары мен жалпы білім беретін мектепке барып олардағы жағдаймен танысты, Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайын аралап көрді.
Сапар барысында Вице-премьер қала активінің қатысуымен кеңес өткізді. Онда білім мазмұнын жаңарту және оның болашаққа бағдарлануы мәселелері қаралды. Өз сөзінде Бердібек Машбекұлы Алматының білім беру саласының проблемалы мәселелеріне баса назар аударды. Бірінші кезекте, бұл мектепке дейінгі мекемелердің жетіспеушілігіне қатысты екендігін айтып өтті. Премьер-Министрдің орынбасары қалалық әкімдікке жеке сектор, МЖС және меценаттарды тарту есебінен балабақшалар ашу бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды. Тағы бір мәселе, оның айтуынша, балалардың қосымша білім берумен аз қамтылуы болып отыр.
«Қосымша білім беру – балаларды өзін-өзі дамытуға үйретудің және оларды еңбекке, спортқа және мәдениетке тартудың тиімді тетігі. Қосымша ұйымдар желісін, оның ішінде жеке сектор арқылы белсенді дамыту қажет», – деп баса айтты Вице-премьер. – Алматы оқу орындарында кадрларды келісімшартпен даярлау және дуалды білім беру жүйесін мүмкін жерлерде белсенді енгізу қажет. Қалалық жоғары оқу орындары мен колледждердің барлығы өз жұмысында Алматы қаласының даму жоспарын ескеруі тиіс. Кадрлар жергілікті нарық сұраныстары мен мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға сәйкес әзірленуі керек», – деп толықтырды ол өз сөзін.
Кеңесті қорытындылаған Вице-премьер басты міндет Мемлекет басшысының білім сапасын арттыру бойынша тапсырмаларын мүлтіксіз орындау болып табылатынын баса айтты. Ол мемлекеттік органдарға мегаполистің білім саласын одан әрі дамыту үшін бірқатар тапсырмалар берді.
«Алматы Қазақстанның барлық өңірлеріне үлгі болуы тиіс. Сондықтан, біз қаланың білім саласы жақсаруы үшін бар күш-жігерімізді салуымыз керек», – деп түйіндеді сөзін Вице-премьер.
Жұмыс сапарының соңында Бердібек Сапарбаев Алматының сауда орындарын аралап, азық-түлік

Көлсайдағы оқыс оқиға: Туристік микроавтобус беткейден құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 18:01
Алматыда ғимаратқа қан-жоса болып кірген ер адам қызметкерлердің зәресін алды
Оқиға • Бүгін, 17:31
Украиналық дрондар Екатеринбург пен Челябинскіге шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 17:00
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Бүгін, 16:41
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:04
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:52
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Бүгін, 15:38
Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді
Оқиға • Бүгін, 15:25
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысқан азаматтарды марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Мемлекет басшысы: Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды
Президент • Бүгін, 14:20
Президент: Тазалық ұғымы ұлтымыздың болмыс-бітіміне тән асыл қасиетке айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00
Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады
Президент • Бүгін, 13:22