18 Мамыр, 2015

Бұл аптада Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр басылмайды

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
18.05.2015-JanburАЛМАТЫ.18 мамыр. Қазақстан синоптиктері еліміздің басым бөлігінде бұл аптада жаңбырдың басылмайтыны жайында болжам жасады. Бұл туралы BNews хабарлады. Республиканың оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс аймағында ауа райы жыл мезгіліне сай тұрақты болады. Батыс Қазақстан мен Қостанай, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс-Қазақстан және Қызылорда облыстарында, сондай-ақ, күндізгі уақытта Солтүстік Қазақстан облыстарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Алматы облысында күн күркіресе, Маңғыстауда тұман түседі. Сонымен қатар, «Қазгидрометтің» таратқан мәліметінде Атырауда жел күшеюі мүмкін делінген. Талғат Сүйінбай. Дерек, сурет: Bnews.