Жорға дуадақтарды қорғау халықаралық қоры 2015 жылдың 18 тамызы мен 18 қыркүйегі аралығында жорға дуадақтарының өсімін молайту орталықтарында өсірілген 1400 жорға дуадақты Қазақстан табиғаты аясына жібереді.
Мұнымен 120 құсқа қимыл-қозғалыстарын бақылау үшін арнайы спутниктік құрылғыларды бекіту жоспарлануда.
Жорға дуадақтар Бетпақдала мен Қызылқұм аймақтарынан ұшырылмақ. Аталмыш құстың қоныс аударатын ең көп саны Қазақстан аумағында өніп-өседі.
Бұрынырақ, 2009-2015 жылдар аралығында Қазақстанның табиғатына 5 300-ден аса жорға дуадақтар ұшырылды. Ғалымдар орнатылған спутниктік құрылғылар арқылы жіберілген құстардың қимыл-қозғалыстарын бақылай алды. Сондай-ақ, ұшырылған жорға дуадақтар Қазақстанның табиғи ортасына бейімделіп, қыстау кезеңінде өздеріне туыстас жабайы құстардың дәстүрлі маршрутымен жүргенін атап өткен жөн.
Жорға дуадақтардың өсімін молайту және сақтау бойынша Қазақстан мен жорға дуадақтарын қорғау халықаралық қоры арасындағы келісімшартқа сай Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауданында жылына 5 000 жорға дуадақтарды шығаратын орталықтың құрылысы жалғасуда.
Ғалымдардың айтуынша, Қазақстанның табиғатына жорға дуадақтар шығару, олардың қимыл-қозғалыстарын бақылау, Таяу және Орта Шығыс елдеріне қыстауға көшіп-қону мерзімдері мен негізгі жолдарын анықтау үшін қажет, деп хабарлады Ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз қызметі.

Өскемендегі жарылыс: Зардап шеккендердің қазіргі жағдайы белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 17:59
8 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Парламент • Бүгін, 17:36
Қарағанды облысында соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден төленді
Аймақтар • Бүгін, 17:32
Стенд атудан әлем кубогі: Әсем Орынбай алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 17:23
Қор биржасында доллар тағы қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 17:12
Қазақстанда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Шаруашылық • Бүгін, 17:00
Мемлекет басшысы тапсырма берді: Айбек Дәдебай немен айналысатыны белгілі болды
Президент • Бүгін, 16:41
Президент Xinjiang Lihua компаниясының басшысын қабылдады
Президент • Бүгін, 16:25
Алдағы үш күнде ауа райы қалай өзгереді?
Ауа райы • Бүгін, 16:16
Қазақстанда декреттік төлемдерге бақылау күшейеді
Қоғам • Бүгін, 16:08
Астанада «Шекарашы балақай» мультсериалы көрсетілді
Елорда • Бүгін, 15:54
ХҚКО тренд үшін неке қию туралы куәлікті жыртпауға шақырды
Қоғам • Бүгін, 15:32
«Қазцинк» зауытындағы жарылыс: Полиция қылмыстық іс қозғады
Оқиға • Бүгін, 15:28
Жылдамдықты сағатына 2 шақырымға асырғаны үшін айыппұл салына ма?
Қоғам • Бүгін, 14:59
Ақтауда мас күйдегі ер адам әріптестерін қарумен қорқытқан
Оқиға • Бүгін, 14:30