Қызылорда облысында жыл басынан бері осынша мүгедек адам жеке кәсібін ашуға несие алды
Мүмкіндігі шектеулі адамдар қоғамнан қатыгездік көрмеуі тиіс. Олар да әрбір дені сау адам секілді жұмысын істеп, отбасын асырап, қажетті көмекті алуы керек. Соңғы жылдары мемлекет мүгедектердің құқын қорғауда, оларды әлеуметтік қолдауда, жұмыспен қамтуда көптеген шаруа атқарып келеді.
Таяуда Қызылорда облысы әкімдігінде мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы облыстық үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Мүмкіндігі шектеулі жандардың өздерін өзгеден кем сезінбеуі үшін әлеуметтік мәселесі дұрыс болуы қажет. Осы орайда облыста 2013 жылдан бастап мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі «Жол картасы» жүзеге асырылып келеді.
Жиында 2014-2015 жылдарға арналған «Жол картасының» орындалуы бойынша облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жазира Жылқышиева баяндама жасады.
Бүгінде жалпы облыс бойынша 27 мыңнан астам мүгедек бар. Олардың 4289-ы өкінішке қарай 18 жасқа дейінгі балалардың үлесінде. Мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін жеңілдету мақсатында қабылданған «Жол картасы» бойынша 2014-2015 жылдарға 8,1 миллиард теңге қаржы бөлінген. Сондай-ақ, бүгінгі таңда жұмыспен қамту орталықтары арқылы 354 мүмкіндігі шектеулі адамдар, оның ішінде 147 мүгедек тұрақты, 188 мүгедек уақытша жұмыспен қамтылды және 19 мүгедек жан жеке ісін ашуға несие алды.
Айта кету керек, қазір облыстың барлық ауданында «әлеуметтік такси» қызмет етеді. Сондай-ақ, Қызылордаға жаңадан әкелінген 30 қоғамдық автобуста мүгедектердің мініп-түсуіне жағдай жасалған. Алдағы уақытта осындай 100-ге жуық автобус алынады. Өткен жылы мүгедектерге арналған 7 аула клубы ашылса, биылғы жылы алғаш рет Қармақшы, Сырдария және Жаңақорған аудандарында күндізгі болу бөлімшелер желісі ашылып, жұмыс жасауда.
Жиын соңында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев тиісті сала басшыларына «Жол картасы» аясындағы жұмыстардың жүзеге асырылуы, еңбекке қабілетті мүмкіндігі шектеулі жандарды тұрақты жұмыспен қамту, олардың қажетті нысандарға қолжетімділігін қамтамасыз ету туралы нақты тапсырмалар берді.
Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан».
ҚЫЗЫЛОРДА.

Өскемендегі жарылыс: Зардап шеккендердің қазіргі жағдайы белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 17:59
8 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Парламент • Бүгін, 17:36
Қарағанды облысында соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден төленді
Аймақтар • Бүгін, 17:32
Стенд атудан әлем кубогі: Әсем Орынбай алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 17:23
Қор биржасында доллар тағы қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 17:12
Қазақстанда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Шаруашылық • Бүгін, 17:00
Мемлекет басшысы тапсырма берді: Айбек Дәдебай немен айналысатыны белгілі болды
Президент • Бүгін, 16:41
Президент Xinjiang Lihua компаниясының басшысын қабылдады
Президент • Бүгін, 16:25
Алдағы үш күнде ауа райы қалай өзгереді?
Ауа райы • Бүгін, 16:16
Қазақстанда декреттік төлемдерге бақылау күшейеді
Қоғам • Бүгін, 16:08
Астанада «Шекарашы балақай» мультсериалы көрсетілді
Елорда • Бүгін, 15:54
ХҚКО тренд үшін неке қию туралы куәлікті жыртпауға шақырды
Қоғам • Бүгін, 15:32
«Қазцинк» зауытындағы жарылыс: Полиция қылмыстық іс қозғады
Оқиға • Бүгін, 15:28
Жылдамдықты сағатына 2 шақырымға асырғаны үшін айыппұл салына ма?
Қоғам • Бүгін, 14:59
Ақтауда мас күйдегі ер адам әріптестерін қарумен қорқытқан
Оқиға • Бүгін, 14:30