АҚТӨБЕ. 27 ақпан. Ақтөбеде «Қауіпсіз қала» акциясы ұйымдастырылып, жергілікті полицейлер 1 388 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Қауіпсіз қала» жедел-профилактикалық іс-шара барысында қажетті құқықтық тәртіпті сақтау, ескерту, қылмыстардың алын алу, «мүлдем төзбеушілік» тәртібімен әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау сынды мәселелер күн тәртібіне қойылды. Соған орай, облыс бойынша 400 ішкі істер органының қызметкері, 150 әскери қызметші және 100 көлік жұмылдырылды. Жедел алдын алу іс-шарасы кезеңінде жұмылдырылған жасақтармен «ізі суымай» 30 қылмыс ашылды. Мәселен, 24 ақпанда сағат түнгі 01.55-те «102» телефонына қаладағы дәмханалардың бірінде жастардың жиналып жатқаны туралы анонимдік ақпарат түсті. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлеріне 28 жастағы жігіт шағымданып, белгісіз адамдардың себепсіз бұзақылық ниетпен ұрып кеткенін айтқан. Жасақтың жылдам қимылдауының арқасында көп қабатты үйлердің ауласынан үш жас жігіт қолға түсті.
Үш күнге созылған шарада 1 388 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде ұсақ бұзақылық 40, ішімдік ішу немесе қоғамдық жерде мас күйінде жүру 138, белгіленбеген жерлерде шылым шегу 98, көлікті мас күйінде басқару 42 мәрте тіркелгені мәлім болды. Жыл басынан бері 3 375 тексеру жүргізілді. Нәтижесінде, 1 691 құқық бұзушы қолға түсіп, ішкі істер органына 276 адам жеткізілді.
Сатыбалды Сәуірбай.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: nur.kz.

Күшті үйлестіру – озық тәжірибе
Аймақтар • Кеше
Ұландықтар баланы ажалдан аман алып қалды
Қоғам • Кеше
Бекзат Алмаханның UFC-дегі қарсыласы анықталды
Спорт • Кеше
«Әділет» партиясын құруға ресми қадам жасалды
Саясат • Кеше
Бибісара Асаубаева көш басына шықты
Шахмат • Кеше
45 қалада кәріз жүйесін салу және жаңарту жұмыстары жүргізіледі
Аймақтар • Кеше
Алаяқтықтың алдын алу: Ұстаздар арасында арнайы акция ұйымдастырылды
Заң мен Тәртіп • Кеше