ТАРАЗ. 27 ақпан. Соңғы кездері Жамбыл облысында алаяқтық белең алуда. 24-25 ақпанында облыста 12 алаяқтық дерегі тіркеліп, оның 11-і әшкереленді. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тараз қалалық ішкі істер бөліміне 1990 жылы туған Х. есімді азаматтың арызы түскен. Онда ол – әлдекім 2014 жылдың қараша айында құны 200 360 теңге шамасындағы «Самсунг» ұялы телефонын және «Самсунг ЕВ-НХ 1100» фотоаппаратын сенімге кіру арқылы алаяқтық жолмен иеленіп кеткенін жазған. Соған байланысты криминалды полиция қызметкерлері Жаңатас қаласының С.есімді азаматын ұстады.
Ал Шу аудандық ішкі істер бөліміне осы ауданның 1972 жылы туған жергілікті тұрғынына 2014 жылдың қазан айында бір танысы алаяқтық жолмен «Каспий» банкінен 150 мың теңге көлемінде ақшалай несие алдырған. Полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 42 жастағы М.есімді азамат анықталды.
27 жастағы облыс орталығының жергілікті тұрғыны 2014 жылдың қазанында танысы тауар әкеліп берем деп алаяқтық жолмен 180 000 теңгесін иеленіп кеткенін айтып шағымданды. Тараз қалалық ішкі істер бөлімі 2-ПБ қызметкерлері 1989 жылы туған Ш.есімді қала тұрғынын қолға түсірді.
Қазіргі таңда жоғарыда аталған күдіктілер қылмыстарын толық мойындап, оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 19-бабы, 1-бөлімімен іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Оралхан Дәуіт.
Дерек: Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Сурет: bag.kz.

Күшті үйлестіру – озық тәжірибе
Аймақтар • Кеше
Ұландықтар баланы ажалдан аман алып қалды
Қоғам • Кеше
Бекзат Алмаханның UFC-дегі қарсыласы анықталды
Спорт • Кеше
«Әділет» партиясын құруға ресми қадам жасалды
Саясат • Кеше
Бибісара Асаубаева көш басына шықты
Шахмат • Кеше
45 қалада кәріз жүйесін салу және жаңарту жұмыстары жүргізіледі
Аймақтар • Кеше
Алаяқтықтың алдын алу: Ұстаздар арасында арнайы акция ұйымдастырылды
Заң мен Тәртіп • Кеше