Технология • Бүгін, 11:51

Каспий теңізі арқылы өтетін интернет кабель құрылысы қашан аяқталады?

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Цифрлық даму және жасанды интеллект министрлігі Транскаспийлік талшықты-оптикалық байланыс желісінің құрылысы жоспарға сай жүріп жатқанын мәлімдеді. Министрліктің мәліметінше, Каспий теңізі арқылы өтетін интернет кабель құрылысын жыл соңына дейін аяқтау көзделген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Каспий теңізі арқылы өтетін интернет кабель құрылысы қашан аяқталады?

Каспий теңізінің түбімен өтетін кабель желісінің құрылысы 380 шақырымды қамтиды. Құрылыс жұмыстары аяқталған жағдайда оның өткізу қабілеті 400 Тбит/с-қа дейін жетпек. Жоба Қазақстан мен Әзербайжанның ұлттық телеком операторлары бірлесіп құрған CaspiLink B.V. компаниясы арқылы жүзеге асырылады.

Пойыздарда жоғары жылдамдықты интернет іске қосылды

Министрліктің мәліметінше, қазіргі таңда Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы интернет-трафик транзитінде шамамен 1,5 пайыз үлеске ие. 2027 жылға қарай бұл көрсеткішті 5 пайызға дейін арттыру жоспарланып отыр. Жоба халықаралық байланыс өткізу қабілетін 54 пайызға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Жобаны қаржыландыру «Қазақтелекомның» өз қаражаты есебінен жүзеге асырылып жатыр. Алайда келісімдердің құпиялылық шарттарына сәйкес, негізгі қаржылық модель, күтілетін табыс, өтелу мерзімі және ішкі кірістілік көрсеткіштері де жария етілмейді. CaspiLink B.V. табысы Қазақстан, Орталық Азия, Қытай және Еуропа арасындағы интернет-трафик транзитінен қалыптасады.

Интернет-алаяқтық көрсеткіші 15 пайызға төмендеді

Транскаспийлік жоба Қазақстанның цифрлық инфрақұрылымын дамытудағы және халықаралық интернет дәлізін кеңейтудегі стратегиялық маңызды бастамалардың бірі болып саналады.

Соңғы жаңалықтар