Кеше елордада Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің мерекесі қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясы журналистер мен сарапшылар клубының кеңейтілген отырысы өтті. Аталған жиынға Президент Әкімшілігінің басшылығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, еліміздің мемлекеттік органдарының өкілдері мен республикалық және өңірлік БАҚ журналистері, этностық газеттердің бас редакторлары, сондай-ақ, сарапшылар, ғылыми және бірқатар шығармашыл зиялылар қатысты.
Кездесу барысында «Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» – 100 нақты қадам шеңберіндегі «Ұлт жоспарын» ақпараттық сүйемелдеудегі журналистер алдында тұрған жаңа міндеттер талқыланып, ҚХА жылы аясындағы іс-шараларды ақпараттық қолдаудың қорытындылары қаралды.
Алғысөзді Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов БАҚ өкілдерін олардың кәсіби мерекесімен құттықтай келіп, сөзін осы саладағы мамандарға қойылатын міндеттерді атап өтуден бастады. Ел бірлігі жолында қолына қалам ұстаған қауым қай елде болмасын, мемлекеттік саясатты жеткізуде, қоғамдық пікірді қалыптастыруда аса ықпалды күшке ие екенін барша біледі. Сондықтан да қоғамның, халықтың санасына ел саясатын, ұлт мүддесін сіңіру барысында абзал міндеттерді атқарып, осы орайда өзекті дүниелерді жазып жүрген журналистерге рахмет, деді.
Е.Тоғжановтың айтуынша, ағымдағы жарты жылда шыққан материалдардың көлемі өткен бір жылдық есеппен салыстырғанда артық екендігі байқалады. Ол осындай қысқа мерзім ішінде тоғыз мыңға жуық материалдың жарық көруі көз қуантатындығын көлденең тартты.
Әрине, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп тікелей жариялауына байланысты ақпарат өкілдері тарапынан ынтымақ пен бірлікке ұйысқан, достықтың шынайы келбетін айқындап беретін жағымды мақалаларды аянбай жазғандығы көрініс беретіндігі айтылды. Бірі түсінсе, бірі түсіне бермейтін мұндай материалдарды көптеп жариялаудың қажеті қанша деген сұраққа Е.Тоғжанов бірлік пен ынтымаққа бағытталған тақырыптар ешқашан көптік етпейтінін және олардың маңыздылығы жойылмайтындығын айту қажеттігін атап өтті. Елбасының моделін тек қана шетелдерде емес, өз елімізде де тыңғылықты, жүйелі түрде халыққа жеткізе білудің рөлі үлкен екендігін айта отырып, осы ретте «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің атқарып жатқан белсенді де тиянақты жұмысына алғысын білдірді.
«Егемен Қазақстан» республикалық газетінде ҚХА жылының көрініс табуы жоғары деңгейде болғандығын, ондағы материалдардың маңыздылығы мен мазмұндық құндылығы бар екендігін айта отырып, Е.Тоғжанов аталған газеттің президенті Сауытбек Абдрахмановқа сөз берді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев адамзат тарихында кемшілік саналып келген дүниелерді артықшылыққа айналдырды. Бәз біреулердің санасындағы «көп ұлттар тұратын мемлекет әлсіз болады» деген ұғымын жоққа шығарды. Бір емес, бірнеше ұлт өкілдерінің бір шаңырақ астында, ортақ мақсатқа жұмылып, ынтымақта күн кеше алатынын дәлелдеді. Себебі, ол алғашқы күндерден бастап-ақ достықты ту етіп ұстады, деді сөзінде С.Абдрахманов. Осыған байланысты осы газетте үстіміздегі жылдың бірінші қаңтарынан бері беріліп келе жатқан оқылымды дүниелердің барлығы да оқырман үшін екендігін жеткізді.
Отырыс барысында көптеген лауазымды тұлғалар мен ақпарат қызметкерлері тақырыпқа орай жартыжылдық қорытындыларын баяндап, біздің мемлекет үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының орны орасан екендігін қоғамға жариялаудан талмайтындықтарын айтты. Бұл ретте, ҚХА журналистер мен сарапшылар клубының төрағасы Ғаділбек Шалахметов отырыс тақырыбы бойынша осы клубтың атқаратын рөлі жайында, ал Президент жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары Ғазиз Телебаев «ҚХА жылын ақпараттық сүйемелдеу» бойынша өздерінің тараптарынан орындалып жатқан қызметтері туралы баяндады.
Іс-шара аясында этностық бұқаралық ақпарат құралдарының көрмесі ұйымдастырылып, жиын соңында клуб мүшелері, республикалық және өңірлік БАҚ журналистеріне «Қазақстан халқы Ассамблеясына – 20 жыл» атты мерейтойлық медаль табыс етілді.
Эльмира МӘТІБАЕВА,
«Егемен Қазақстан».
Суретті түсірген
Ерлан ОМАРОВ.

Германияға мұнай тасымалдау көлемі 730 мың тоннаға жетті
Экспорт • Бүгін, 15:57
Түркістандағы «Келешек» мектебінде оқушылар мұзда сырғанауды үйреніп жүр
Аймақтар • Бүгін, 15:43
Ресей Қазақстаннан келетін тауарларға жаңа талап енгізеді
Оқиға • Бүгін, 15:32
Атырау облысында түйе ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 15:27
15%-дық межеден асқан: Азық-түлік бағасын негізсіз көтерген кәсіпкерге айыппұл салынды
Кәсіпкер • Бүгін, 15:15
Александр Бублик Мюнхендегі турнирдің алғашқы айналымында ұтылып қалды
Теннис • Бүгін, 14:59
iCloud пен Google Drive пайдаланушыларына қауіп төнді
Қоғам • Бүгін, 14:45
Мемлекеттік бағдарлама әлде ипотека: Үй алудың ең тиімді жолы қандай?
Қоғам • Бүгін, 14:33
Чемпиондар лигасының жартылай финалына шыққан командалар анықталды
Спорт • Бүгін, 14:18
Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Президент • Бүгін, 14:05
Бокстан Әлем кубогінде ел намысын кімдер қорғайды?
Бокс • Бүгін, 13:49
Қазақстанда кітап апталығы басталды: 1 500-ден астам іс-шара өтеді
Оқиға • Бүгін, 13:25
Мемлекет басшысы Есмұхан Обаевтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 13:03
Вице-президент қашан тағайындалады? Мәулен Әшімбаев жауап берді
Саясат • Бүгін, 13:00
Ұлыбританияға виза алу жеңілдеуі мүмкін
Оқиға • Бүгін, 12:53