Бокс • Бүгін, 13:49

Бокстан Әлем кубогінде ел намысын кімдер қорғайды?

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

20-26 сәуір аралығында Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында бокстан Әлем кубогі өтеді. Былғары қолғап шеберлерінің бәсекесіне 50-ден аса елден 400-ге жуық боксшы қатыспақ, деп жазады Egemen.kz.

Бокстан Әлем кубогінде ел намысын кімдер қорғайды?

Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, Нұржан Насанов баптайтын ерлер құрамасынан 9 боксшы, ал Елдос Сайдалин жетекшілік ететін әйелдер құрамасынан 7 боксшы жүлдеге таласады.

Боксшы Нұрбек Оралбай жаңа салмақ дәрежесіне ауысты

Биылғы жарысқа қатысатын боксшылар тізімі:

Ерлер

  • 50 келіде – Даниял Сәбит;
  • 55 келіде – Бағлан Кенжебек;
  • 60 келіде – Жансері Көшербаев;
  • 65 келіде – Мұхаммедсабыр Базарбайұлы;
  • 70 келіде – Фарух Тоқтасынов;
  • 75 келіде – Санжарәли Бегалиев;
  • 80 келіде – Диас Молжігітов;
  • 85 келіде – Сұлтан Айбарұлы;
  • 90 келіде – Дәулет Төлемісов.

Азия чемпионаты: Сабыржан Аққалықов өзбек боксшысынан басым түсті

Әйелдер

  • 51 келіде – Алуа Балқыбекова;
  • 54 келіде – Назым Қызайбай;
  • 60 келіде – Виктория Графеева;
  • 65 келіде – Аида Әбікеева;
  • 70 келіде – Наталья Богданова;
  • 80 келіде – Жібек Жарасқызы;
  • +80 келіде – Валерия Аксенова.

Айта кетейік, Бразилия өз тарихында екінші рет әлем кубогі кезеңін қабылдайды. 2025 жылы қазақстандық боксшылар 3 алтын, 3 қола медаль жеңіп алған.

Соңғы жаңалықтар