Оған зейнетақыға қатысты соңғы заң жобасы көзімізді жеткізді
Мәжілістің соңғы жалпы отырысында халықты зейнетақымен қамсыздандыруға байланысты кейбір заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасы мақұлданғаны туралы жазған едік. Енді сол заң жобасын талқылау барысында ортаға салынған кейбір сауалдар туралы толығырақ жазуды мақсат етіп отырмыз.
Депутат М.Тінікеев зейнетақы адамға өмір бойы төленетіндігін айтып, ал жинақталған соманың төленбей қалған бөлігі адам дүние салса, мұрагерлеріне беріле ме деп сұрады. Оған жауап берген министр Т.Дүйсенова жинақталған соманың ішіндегі жұмыс беруші берген 5 пайыз мұрагерге берілмей, тек өз еңбекақысынан ұсталған 10 пайыздық жарна ғана мұрагерге берілетінін айтты. Демек, адам өлгеннен кейін зейнетақы төлеу қызметінде отырғандар оның төленбей қалған сомасына тексеріс жасап, қаншасы 10 пайыздың, қаншасы 5 пайыздың есебінен жинақталғанын ажыратулары керек екен...
Депутат Т.Өмірзақов заң жобасының тағы бір түсініксіз тұсын көріп, сұрақ берді. Оның айтуынша, заң жобасы бойынша мемлекет жұмыс берушінің 5 пайыздық қосымшаны аударуына кепілдік бермейді екен. Оның үстіне бұл ақы жұмыскердің еңбекақысына сәйкес төленсе де ол адамның жекеменшігі емес. Осы заң жобасының 31-бабының 1-тармағына сәйкес оны тек өзіне 60 ай бойы аударылғанда ғана алады екен. Демек, кем дегенде 5 жыл ұдайы аударылып отырғаннан кейін ғана зейнет жасына іліксе 5 пайыздық үстеме жарнаны алады.
Депутаттың осы әділетті емес қой деген сұрағына жауап берген министр алдымен жұмыс берушінің 5 пайыздық жарнаны аударуына мемлекет кепілдік бере алмағанымен, зейнетақыны төлеу міндеткерлігі қарастырылғанын айтты. Демек, жұмыс беруші тиесілі соманы аудармаса да оны мемлекет бәрібір төлеуге міндетті екен. Одан әрі Т.Дүйсенова 5 жылдық 5 пайыздық қосымша туралы қызық дерек айтты. Біздегі қолданыстағы заңнама бойынша зейнетақы әйел адамға 20 жылдық, ер адамға 25 жылдық жұмыс өтіліне сәйкес тағайындалады. Ал жұмыс беруші кемінде 5 жыл бойы қосымша 5 пайыздық зейнетақылық жарна төлеген болса, біз оған жинақтау қорынан зейнетақы төлеу керектігін жаздық. Сөйтіп, біз қолданыстағы заңнаманың нормасын біршама жеңілдеттік, деді ол.
Депутат Гүлнәр Сейітмағанбетова 4 бала өсірген анаға 12 жылдық жұмыс өтілі есептелетінін айта келіп, ал одан көп, мысалы, 10 бала өсіргенге неге жұмыс өтілі көбірек есептелмейді. 4 баланың әрқайсына 3 жылдан өтіл болса, одан көп бала санының әрқайсына тым болмаса 2 жылдан жұмыс өтілі неге есептелмейді деп сұрақ қойды.
Заң жобасы бұл жерде біршама әділетті норма қарастырған екен. Тамара Дүйсенова өмірге 6 және одан да көп бала әкелген аналарға 12 жылдық жұмыс өтілінің үстіне базалық зейнетақысына ай сайын 15 мың теңгеден қосымша қаражат төленетінін айтты.
Депутат Айткүл Самақованың сұрағы да көп адамдардың көкейінде жүрген мәселені қозғады. Депутат мүгедек балаларына қарайтын аналарға зейнетақы төлеу мәселесіне көңіл аударды. Олар мүгедек баласын 18 жасқа дейін баққан жылдарына жәрдемақы алады. Ана жазған одан кейін де баласын бағатыны белгілі, бірақ бұл жылдарға түк те алмайды. Егер анасы бақпаса, сіздер патронатты медбике белгілеп, оған еңбекақы төлеген болар едіңіздер. Ең қиыны сол, зейнет жасына толғанда мүгедек баласын баққан жылдары үшін анаға жұмыс өтілі де есептелмейді. Осы мәселені дұрыс шешуіміз керек еді ғой, деді депутат.
Бұл сұраққа жауап берген министр жаңа заң жобасы бойынша мүгедек балаларын күткен жылдары аналардың еңбек өтіліне есептелетінін айтты. Қолданыстағы заңға сәйкес аналарға мүгедек балаларын 16 жасына дейін күткені үшін ең аз еңбекақы көлемінде жәрдемақы беріледі екен. Ал 16 жастан кейін жаңа заң жобасы бойынша медициналық-әлеуметтік мекеме қызметкерлерінің орташа еңбекақысы көлемінде жәрдемақы төленетін болыпты. Осы жәрдемақыдан оған зейнетақылық жинақ қорына 10 пайыздық және жұмыс берушінің есебінен 5 пайыздық жарна төленіп тұрады екен, сөйтіп, зейнетақы жасына жеткенде оған баланы күткен жылдарының бәрі жұмыс өтілі болып есептеліп, жинақталған қор есебінен зейнетақы төленетін көрінеді.
Жақсыбай САМРАТ,
«Егемен Қазақстан».

Германияға мұнай тасымалдау көлемі 730 мың тоннаға жетті
Экспорт • Бүгін, 15:57
Түркістандағы «Келешек» мектебінде оқушылар мұзда сырғанауды үйреніп жүр
Аймақтар • Бүгін, 15:43
Ресей Қазақстаннан келетін тауарларға жаңа талап енгізеді
Оқиға • Бүгін, 15:32
Атырау облысында түйе ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 15:27
15%-дық межеден асқан: Азық-түлік бағасын негізсіз көтерген кәсіпкерге айыппұл салынды
Кәсіпкер • Бүгін, 15:15
Александр Бублик Мюнхендегі турнирдің алғашқы айналымында ұтылып қалды
Теннис • Бүгін, 14:59
iCloud пен Google Drive пайдаланушыларына қауіп төнді
Қоғам • Бүгін, 14:45
Мемлекеттік бағдарлама әлде ипотека: Үй алудың ең тиімді жолы қандай?
Қоғам • Бүгін, 14:33
Чемпиондар лигасының жартылай финалына шыққан командалар анықталды
Спорт • Бүгін, 14:18
Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Президент • Бүгін, 14:05
Бокстан Әлем кубогінде ел намысын кімдер қорғайды?
Бокс • Бүгін, 13:49
Қазақстанда кітап апталығы басталды: 1 500-ден астам іс-шара өтеді
Оқиға • Бүгін, 13:25
Мемлекет басшысы Есмұхан Обаевтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 13:03
Вице-президент қашан тағайындалады? Мәулен Әшімбаев жауап берді
Саясат • Бүгін, 13:00
Ұлыбританияға виза алу жеңілдеуі мүмкін
Оқиға • Бүгін, 12:53