Саясат • Бүгін, 07:48

Қазақстан тарихының бесінші томы мақұлданды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен «Қазақ­стан тарихы: ежелгі дәуір­ден бүгінге дейін» атты жеті томдық акаде­миялық басылымды әзірлеуге қатысты редакция алқасының кезекті отырысы өтті.

Қазақстан тарихының бесінші томы мақұлданды

Жиында ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың бастапқы кезеңіндегі Қазақстан тарихына арналған бесінші томның қол­жазбасы қаралды.

Редакция алқасы мүшелерінің ұсыныстары негізінде жаңарған бесінші томның құрылымы мен мазмұнын авторлар ұжымының жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы, Ш.Ш.Уәлиханов атын­дағы Тарих және этнология инсти­тутының директоры, академик Зиябек Қабылдинов таныстырды.

Редакция алқасы бесінші том­­ның қолжазбасын бекітіп, баспаға дайындау туралы шешім қабылдады.

Бұдан кейін ака­демиялық ­­ба­сылымның кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихына ар­налған алтыншы томының қолжазбасы қаралды.

Аталған томның тұжырым­дамасын, құрылымы мен маз­мұнын авторлар ұжымының жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Күлғазира Балтабаева таныстырды.

Сонымен қатар тарих ғылым­дарының докторы, профессор Бүркітбай Аяғанның, әле­уметтану ғылымдарының докторы, Философия, сая­сат­­тану ж­әне дін­тану инсти­туты­ның бас директоры Айгүл Сәдуақасованың, «Альтернатива» өзекті зерттеу­лер орталығының директоры, саяси ғылымдар кандидаты Андрей Чеботаревтың рецен-зи­­­ялары тыңдалды.

Редакция алқасының мүше­лері Дихан Қамзабекұлы, Еркін Әбіл, Галина Ксенжик, Радик Темірғалиев, Мәмбет Қойгелдиев, Ханкелді Әбжанов, Кенжехан Матыжанов, Оразақ Смағұлов, Берекет Кәрібаев, Жақсылық Сә­битов, Айболат Күшкімбаев, Нұр­­сан Әлімбай, Айдос Сарым, Сә­­бит Шілдебай, Берік Әбді­ғали­ұлы, Михаил Акулов, тағы бас­қалары өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Жиын соңында редакция алқасы «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» академиялық басылымының алтыншы томын қарауды келесі отырыста жалғастыру жөнінде шешім қабылдады.