Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Жаңа ережеге сәйкес, төлемдерді тағайындаушы орган ретінде Оқу-ағарту министрлігі белгіленді. Сыйақы тек ағымдағы жылдың жетістіктері үшін беріледі және бір жыл ішінде қайта тағайындалмайды. Төлемді тек Қазақстан Республикасының азаматтары ала алады.
Сыйақыға халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ халықаралық ғылыми жобалар байқауларының қатысушылары және олардың жетекші педагогтары үміткер бола алады. Қатысу үшін арнайы анкета толтырылады, ал кәмелетке толмағандардың деректерін заңды өкілдері растайды.
Академик Асқар Жұмаділдаевтың мерейтойына орай жас математиктер арасында олимпиада өтті
Төлем мөлшері жетістік деңгейіне қарай белгіленген. І дәрежелі диплом мен алтын медаль иегерлері 1500 АЕК, яғни 2026 жылы 6 487 500 теңге алады. ІІ дәрежеге – 1000 АЕК (4 325 000 теңге), ІІІ дәрежеге – 500 АЕК (2 162 500 теңге) қарастырылған.
Сонымен қатар халықаралық ғылыми жобалар байқауларының жеңімпаздарына да 1500 АЕК көлемінде сыйақы беріледі.
Жеңімпаздарды дайындаған педагогтарға да қосымша төлем қарастырылған: алтын медаль иегері үшін – 26,5 БДО, күміс үшін – 17,5 БДО, қола үшін – 8,5 БДО көлемінде.